QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Партиялық мониторинг

Автор:QAA.kz

Ноя 20, 2020

Қала көлеміндегі әртүрлі мекемелер талапқа сай жұмыс істеп, көпшілікке сапалы қызмет көрсеткені ләзім. «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы аталған бағытта кезекті рет мониторинг жұмыстарын жүргізді. Келесі аялдама қалалық электр тарату торабы АҚ-на бағытталды.

Мониторинг жұмыстарын жүргізудегі басты мақсат — Қызылорда қаласының электр қондырғыларының техникалық жағдайын талдау. Сондай-ақ, заман талабына сәйкес, аталмыш басқармадағы жабдықтардың электронды форматқа көшуі де назарға алынды.

Электр торабы Басқармасындағы биылға жоспарланған жұмыстардың басым көпшілігі жүзеге асқан. Мәселен, талапқа сай емес электр желілері жойылып, қосалқы станциялардың монтаж жұмыстары аяқталып, тұтынушылар жаңа әуе желісіне қосылуда. Сонымен қатар, бірқатар желілерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *