QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Партиялық бақылау комиссиясы мектептегі құрылыс жұмысымен танысты

ByQAA.kz

Жел 2, 2020

«Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Қызылорда қалалық партиялық бақылау комиссиясы Бәйтерек мөлтек ауданында жаңадан бой көтеріп жатқан білім нысанының жұмысын көрді. Комиссия мүшелері орта мектептің құрылыс жұмысының талапқа сай орындалуын назарға алып, сапалы жүзеге асуын бақылады. Сондай-ақ, осы бағыттағы жұмыстардан өзге құрылыс жұмысындағы қарқынды да назарға алды.

Жаңа білім ордасын салуға қажетті техникалар мен материалдар толық қамтамасыз етілген. Бұл мектепте футбол, волейбол, баскетбол, жүгіру алаңдарымен қоса кіші және үлкен сыныптарға арналған гимнастикалық алаңдар салынады деп жоспарлануда. 

Айта кетейік, оқушылар мен ұстаздардың игілігі үшін қолданысқа берілетін заманауи үлгідегі мектеп 600 орындыққа арналған.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған