QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Партия отырысы өтті

Автор:QAA.kz

Апр 30, 2021

Бүгін Қызылорда қаласының әкімдігінде «Nur Otan» партиясының мүшелері бас қосып, партияның қалалық филиал төрағасын сайлады. Партияның қалалық филиал төрағалығына Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевтың кандидатурасы ұсынылып, бір ауыздан қабылданып, жаңа төраға қала әкімі болып бекітілді.

Былтырғы жыл мен қатар биылғы жылы да пандемиялық жағдайға қарамастан, партия қызметкерлері мен еріктілер түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, бар нәрсені естен шығарған емес.

Праймеризден бастап, «Nur Otan»  партиясы басым дауысқа ие болып, өз қажеттілігін, маңыздығын тағы да дәлелдеген-ді.

«Nur Otan» партиясы қалалық мәслихат депутаттары сайлауы бойынша аумақтың тұрғындарының 76,05 пайыз дауысын алып, мәслихаттағы 22 мандаттың 18-ін иеленіп отыр.

Мандат иеленетін үміткерлер тізімі жобасы партияны жаңғыртуға бағытталған және Орталық аппаратпен белгіленген Праймериз Ережесімен және нұсқаулықтармен айқындалды.

Партия Төрағасы тапсырмасына орай кемінде 30% әйелдердің және 20% 35 жасқа дейінге жастардың тізімде болуы ескерілді.

Тәжді вирус қарсаңында жұмыссыз қалған азаматтар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді. Пандемия кезеңінде жағдайды тұрақтандыру мақсатында Елбасы бастамасымен қолға алынған «Бізбіргеміз» акциясы аясында партияның мүшелері мен еріктілері 5 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттерін жеткізіп, 19500 адамның әрқайсысы 50000 тенге көлемінде бір реттік қаржылай көмек алды. Мәжбүрлі еңбек демалысында жүрген қызметкерлерге 42500 теңгеден төленді, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 6 жасқа дейінгі 5000 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілді. Коронавирустық пандемия қәуіпі әлі төмендей қойған жоқ, санитарлық сақтық шараларын орындай отырып жоспарланған іс-шараларымызды жүзеге асыру міндеті тұр.

Алдағы жағдай асқан жауапкершілікті, бірлікті қажет ететіні сөзсіз. Келер уақытта партия жұмысы одан әрі жанданып, еріктілер саны артып, барлық қоғамға, партияластарға өлшеусіз үлесін тигізетіні сөзсіз.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *