2021 ж. Сәуір 14

ҚОЖАНИЯЗОВ «СУҒА» ҚАУҚАРЛЫ МА?

Қызылорда облысында су мәселесіне қатысты жиын болды. Оған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, Р ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров және жергілікті шаруа қожалық өкілдері қатысты. Биыл өңірде 188,2 мың гектарға егін егу межеленуде. Соның 84,4 мың гектарына күріш орналастырылады. Қалғанына дәндi, майлы, мал азықтық, картоп, көкөнiс, бақша дақылдары егіледі. Қазір қажетті тұқым толығымен дайын. Тыңайтқыштан да мәселе болмайды. Ауыл шаруашылық техниканың 83 пайызы жөндеуден өткізілді. Егілетін егістікті тұрақты суаруға 4,2 млрд. текше метр су қажет. Кездесуде шаруашылықтар суға қатысты сауалдарын қойды, ұсыныстарын айтты, шешу жолдарын сұрады.

  • Су азаймаса, көбейіп жатқан жоқ. Бастысы, үнемді пайдалануымыз қажет. Әрине, Сырдарияның су жағдайы жоғарыдағы су қоймаларына тікелей байланысты. Өңірдегі су тораптары, егіс алқаптарына қатысты мәселелерді жақсы білемін. Барлығын зерттеп жатырмыз. Оңтайлы шешім табуына жұмыс жасаймыз, – деді Серік Қожаниязов.
    Бүгінде «Тоқтағұл» су қоймасындағы жиналған судың көлемі 10,0 млрд. текше метрді құрайды. Ал Шардара су қоймасына жоғарыдан секундына 397 текше метр су түсуде. Жалпы қазір «Шардара» мен «Көксарайда» 5,2 млрд. текше метр су жиналған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған