2021 ж. Сәуір 14

«Отан-отбасынан басталады»

Қоғамымыздың болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр ата-ананың өзіндік тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке үндеп отырған.

Тәрбие жүйесінде жеке адамның жақсы қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны ерекше. Қоғам жеке отбасынан тұрады. Қазақ отбасы үш буыннан құралады ата-әже, әке-шеше, бала. Ата-бабамыз көшпелі тұрмысты басынан өткерседе бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Атадан қалған ұлағатты сөздер арқылы жас ұрпағын ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа баулыған.

Қазіргі кезде осы асыл мұра халқымыздың өмірінде жалғасын тауып келеме? Бесік жырын білмейтін аналардың немересіне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейгені дәстүрді сыйламайтын ұрпақтың өсіп келе жатқаны қынжылтады.

Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі ашылмаған күйде қалады деуге болады.

Қазіргі кезде жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі алаңдатын отыр. Бала бойына дарыған көп қасиеттердің бастауы жанұяда қалыптасады. Баланың негізгі тәрбиешісі – өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Сол баламыздың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбіне үлкендерге байланысты.

«Баланы жастан» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін қалыптасқан қате көз қарасын өзгерту өте қиын.

Қазіргі кейбір баланың мінез құлқын байқасақ екі сөзге келмейді ұрда жық, қырсық. Бір күнде жиырма төрт сағат болса, онын сегіз сағатын ұйқыға, алты сағатын мектепте, қалған он сағаты үйде қосымша білім алуға демалуға кетеді. Ал, ата-аналардың кейбіреулері әдепкіде балдарын бетімен жіберіп кейін өздеріде айтқанын тыңдата алмайтын дәрежеге жеткенде кінәні мұғалімге артады.Ескерте кетейін жәй ата-аналар бала тәрбиесіне ұстаздардың көп көңіл бөлгенін қалайды. Тіпті кейбірі өз балаларының тәрбиесінің төмендігіне қарамастан ұстазды кінәлағысы келеді.Біріншіден, балаға жауапты ата-ана: «Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі» дей ме? Екіншіден, күнделдікті қоғамдық ақпараттар көзі – бала бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіруге үлес қосып жатса, артық етпейді. Үшіншіден, бала еліктегіш.Теріс қылықтарға тез үйренісе келеді. Теледидар мен ғаламтордағы фильмдердің зорлық-зомбылықтың небір түрін көреді. Мұның өзі бала тәрбиесіне өлшеусіз зиянын тигізіп отыр емес пе? Жүрген ортасының әсеріде жетерлік.

Бүгінгі қоғамның дамуын оның мүшелерінің біліммен өлшеп жеткізетін құрал – білім. Білімді ұрпақ қана қоғам болашағының иесі бола алады. Бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесі бір ғана мұғалімнің қолынан келмейді, тиісті шаралар атқару үшін ата-ана жауапкершілігін арттыруымыз керек. Шын мәнінде баланы өмірге әкелгеннен кейін оны асырау, киіндіру қоғамға қажетті азамат етіп шығару ата-ананың міндеті емес пе?

Көшеде беймезгіл уақытта көп жүретін балаларда кездеседі.Олар тәртіпке бағынбайды ата-ана қадағалауынсыз көшеде не үшін жүр? Кездейсоқ жағдайға тап болып, орны толмас өкінішке ұрынса кім жауапты? Осы сұраққа неге мұғалім, сынып жетекшісі, мектеп әкімшілігі жауап беруі тиіс алайда, олардың ата-анасы бар емес пе?

Барлық өнеге отбасынан дарйды. Әр отбасы тәрбие мектебі болуы тиіс. Осы тұрғыда халқымыздың ұлттық тәрбиесі ошағына оралады. Ол үлкенді сыйлау, дөрекі сөйлемеу, астарлап айту, қыз балаға құрмет, ұл-қызын өнерлі ұлағаттыққа ерлікке шыңдауға мейірімді болу.

Ана – шаңырақ жылуы, әке отбасының тірегі, әр балаға тәрбиенің ең күштісі – әкенің өнегесі, әкесі үлгі аларлықтай өнегелі еңбек сүйгіш адам болса, баласыда сондай болуға талпынады.

«Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі» деп халқымыз тегін айтпаған.Қанша айтқанымен, ер балаға әке тәрбиесінің орны бөлек. Әкенің жүріс – тұрысына араласып, әкесінен азамат болуды армандайды. Кез-келген кішкентай баладан «Сенің әкең қандай»?, «анаң қандай?» деп сұрасаң «Менің анам бәрінен жақсы, менің әкем бәрінен күшті» деп жауап береді.

Ендеше, ардақты ата-аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік -дөрекілікке, қайырымдылық- қатыгездікке, парасаттылық- парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен тілек тұр.Бұл тілек ұрпақ алдындағы үлкен міндет. Жетім балалар үйі, Қарттар үйі, Көкек аналар болмағандығын естен шығармайық.

«Бала тәрбиесі- басты байлығың», «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дегендей сенімін ақтап, ата даңқын шығарар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу – ұлы парызымыз деп білейік.

Сырдария аудандық сотының

бас маман – аға сот жасауылы Ж.Сырғабаева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған