QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қосшыңыраудағы тәртіп талқыға түсті

Автор:QAA.kz

Ноя 27, 2020

Қосшыңырау ауылдық округі бойынша кәсіпкерлік нысан жыл басында 122 болса, бүгінге дейін 148-ге жеткен. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы бағдарламалар негізінде көптеген жобалар қолдау тауып, жүзеге асырылған. Алайда, бұл кемшілік жоқ деген сөз емес. Қала басшысы аппараттық отырыс барысында аталған саладағы көрсеткішті әлі де жоғарылату керектігін жүктеді.

Ауыз толтырып айтарлықтай мұндағы жаңалықтың бірі – «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша спорттық алаңның салынуы. Сондай-ақ, Қосшыңырауға қарасты Досан елді мекеніндегі жарық бағаналары орнатылған.

Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Д.Таубай:

— Есепті кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелердің бірі – кешкі мезгілде электр қуатының әлсіреуі болатын. Қалалық бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда қосалқы станциясы орнатылып, көшелер бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Мәжілісте кеңінен талқыға түскен мәселенің бірі – қылмыстың орын алуы. Бұл округте 9 қылмыс орын алса, оның 3-і әлі ашылмаған. Осыған орай, қала басшысы учаскелік полиция қызметкерінің қызмет барысындағы міндетін толық орындап, барлық ауылдардағы қылмыс атаулының болмауын қатаң түрде тапсырды. Одан бөлек, бұл ауылдағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу деңгейінің төмендігін атап өтіп, жыл соңына дейін жүзеге асыру керектігін атап өтті.

А.Әлиарыстан

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *