Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастырумен Қызылорда қаласына қарасты Қосшыңырау ауылдық округінде көшпелі қабылдау өтті. Қабылдауға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қызылорда қаласындағы өңірлік өкілдігі басшылары, облыстық адвокаттар алқасы, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі бөлімдері басшылары, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы ЖШС-і мен «Бизнеске арналған үкімет» КММ-інің қызметкерлері сонымен қатар фракция мүшелері қатысты.Көшпелі қабылдау аясында ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» партиялық жобасының мақсат – міндеті мен қаржыландыру бағыттары, несие берудің негізгі шарттары мен несие алу алгоритімі кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова жобаның негізінен ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыруға бағытталып отырғанын атап өтіп, жасалып отырған мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды. «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауыл халқының табысын арттырып, тұрмысын жақсартуға, тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған. Ол үшін жеңілдікпен несие мөлшерлемесі енгізілді, бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде. Бұл азматтардың өз бизнесін бастауға немесе бұрыннан бар бизнесті дамытуға жасалып отырған мүмкіндік. Ауыл тұрғындарынан талап етілетін басты нәрсе – бастама көтеру мен жұмыс жасауға деген ұмтылыс», – деді Атқарушы хатшы. Бағдарлама негізінен 2023-2025 жылдарға арналған және несиелер ағымдағы жылдан бастап беріледі. Ауыл тұрғындары 2,5 пайызбен осы несиеден алып, ауылда өз бизнесін дамытуға немесе бірнеше азамат бірігіп, кооператив құрып жұмыс жасауына болады. Биылғы жылға осы жобаны іске асыру үшін Сыр өңіріне 3 млрд теңге қаржы қаралған. Дегенмен аймақ басшысының аталған жобаға сәйкес облысқа бөлінген қаражатты ұлғайту бойынша республикалық органдармен қосымша жұмыс жасауды қолға алуы бағдарламаның іске асырылу аясын кеңейтетін болады. Яғни, жобаға қосымша қаражат бөлініп, оған қатысушы жерлестеріміздің де саны артады.Көшпелі қабылдау барысында ауыл тұрғындары жоба аясында толық ақпарат алып, мұнан соң топ құрамында келген түрлі сала басшыларының қабылдауында болып, өзге де өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Қабылдау барысында ауыл тұрғындары жайылымдық жерлер, заңгерлік көмек, газдандыру жұмыстары, жұмыссыздық мәселелерін сөз етті.#AMANAT