2021 ж. Сәуір 14

ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА “НАУРЫЗ” ТОЙЛАНБАЙДЫ…

Облыс көлемінде Наурыз мейрамының құндылықтарын дәріптеуге, насихаттауға арналған «Наурызым – нұрлы ырысым», «Ар ма, әз Наурыз», «Наурыз – көктем, «Наурыз-думан», «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты өнер ұжымдарының, «Жырла жырау, алғыс жырын Наурыздың» тақырыбында дәстүрлі әншілердің онлайн және офлайн форматтағы концерттері, облыс музейлерінде «Салт дәстүрім – сарқылмайтын байлығым», «Шебер қолдар», «Жаса, Наурыз дәстүрі» тақырыптық көрмелер, сонымен қатар, ұлттық салтдәстүрлерімізді айшықтайтын «Шаңырақтағы салтдәстүр» облыстық онлайн өнер фестивалі өтеді. Өңіріміздегі этнос өкілдері арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрі мен әдет ғұрыптарын білуге арналған зияткерлік сайыстары, «Әз Наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі» атты мерекелік шаралар, Наурыз – тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі бағыты бойынша 21 наурыз күні қоғамда табиғатты аялау және қорғау мәдениетін насихаттау мақсатында санитарлық талаптарды сақтай отырып «ТАЗА ТАБИҒАТ» ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылады. Қазіргі таңда білім ұйымдарында оқушылар мен жасөспірімдерге ұлттық салт- дәстүрлерімізді ұғындыру, тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптеу мақсатында батырлық, эпостық жырлардан мәнерлеп оқу сайыстары, «Наурыз поштасы» тақырыбымен қарттарды, ардагерлерді құттықтау шаралары ұйымдастырылуда. Жоспар бойынша өткізілетін барлық мерекелік шаралар карантин талаптарына сәйкес әлеуметтік қашықтықты және маскалық режимді сақтай отырып өткізіледі.

  • Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 22 наурыз күні орталық алаңда мерекелік шаралар өткізілмейді. Ұлыс күні – Наурыз мерекесіне арналған шараларды мәдениет және өнер мекемелерінің әлеуметтік парақшалары мен «Сыр шаңырағы» YOUTUBE каналынан тамашалай аласыздар. Наурыз мерекесі ежелден әр отбасында, ағайынтуыс, көршілер арасында ұлттық салт-дәстүрлеріміз ұлық- талатын туыстық, отбасылық құнды- лықтар мерекесі. Сондықтан да бұл күнді туыстар мен достар арасында, ұжымда, отбасында наурыз көжеден дәм тата отырып, бата беру, ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарды жаңғырту арқылы атап өткен жөн,-деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары А.ЕСЖАНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған