QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

«Оны екеуіміз ғана сеземіз»: Асхат Садырбай өзін Ерке Есмаханмен байланыстыратын ортақ қуанышы туралы айтты

Автор:QAA.kz

Апр 26, 2019

Асхат Садырбай үлкен ұлын көрсетіп, туған күнімен құттықтады.

Ұлы Мүслімді жарық дүниенің есігін ашқан күнімен құттықтап, аман-саулығын тілеген Асхат Садырбай атыңа лайық азамат бол деп ниет білдірді. Уақыттың қаншалықты жылдам екенін айтып, жаратқанның махаббат пен бақыттан айырмағанын қалайтынын жеткізді.

«Уақыт неткен жүйрік еді?! Тұңғышым Мүслімнің бүгін туған күні, тағы бір жасқа есейген күні. Ақылына ақыл қосылып, азамат болуға тағы бір қадам жақындай түскен күн. Аллаға сансыз шүкір. Бар бол, аман бол, адам бол! Атаң қойған атқа лайық, иманды азамат бол! Балама деген әкелік маxаббатымды ешқандай сөзбен жеткізе алмаймын. Оны екеуміз ғана сеземіз! Алла осы маxаббатымыз бен бақытымыздан айырмасын! Басқасының бәрі бос сөз! Туған күніңмен, құлыным!» — деп жазды журналист.

Желі қолданушылары өз кезегінде тележурналиске жылы лебізін жарыса жеткізді.

stan.kz

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *