QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Онлайн сабаққа қатыспағаны үшін айыппұл арқалады

ByQAA.kz

Қаң 15, 2021

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұлы колледжде онлайн сабағына қатыспағаны үшін анасына қатысты іс қаралды деп хабарлайды Stan.kz.

Әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық соттың ресми сайты.

Сот істі «Кәмелетке толмағанның тәрбиесімен немесе оқумен, құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты міндеттерді орындамау» бабы бойынша қарады. Әкімшілік іс материалдарына сәйкес орта білім беру ұйымының кәмелетке толмаған оқушысы екі ай бойы жүйелі себепсіз онлайн сабаққа қатыспаған.

Осы себепті сабақтан қашқан жасөспірімнің анасына қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Әйелге 20 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, жақында білім және ғылым министрлігінің басшысы білім саласындағы заңнамаларға енгізілетін түзетулер туралы айтқан болатын. Олардың біреуі колледжді бағалауға қатысты болды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған