QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«Олар алады, мен жабамын»: Мақпал Жүнісова кімнің несиесін төлеп жүр?

ByQAA.kz

Сәу 24, 2019

Отандық эстраданың жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова жақындары алған несиені жауып жүргенін мойындады. Әнші бұл жайында НТК арнасындағы Ревю бағдарламасында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Халықтың ерке қызы ішерге асың болса, несиеге байланудың қажеті жоқ екенін алға тартты.

«Менің алып жатқан туысқандарым бар. Олар алады, мен жабамын. Екі-үшеуі алды, оны жауып бердім. Сосын алмаңдар деп айттым.

Неге кредит аласыңдар? Әлдеріңе қарап алмайсыңдар ма? Алдыңда жейтін наның бар ма, шайың бар ма, жыртық киім киіп жүрген жоқсың ба, соған Құдайға шүкір деңдер», -дейді Мақпал Жүнісова.

Эстрада жұлдызы көпшіліктің несиеге не үшін қызығатынын да жайып салды.

«Кредитті неге алады? Той жасаймын деп алады. Көлік мінемін дейді. Содан кейін сол кредитті жаба алмай, үйінен айырылып қалып жатыр. Байлыққа қызығып, мен де мінуім керек, мен де шуба киюім керек, мен де бриллиант киюім керек деген әңгімелер көп қазір. Оның ешқандай қызығы жоқ», -деді ол.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған