QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

«ОЙЫН-САУЫҚ» МӘДЕНИ ОРЫНДАРДАН НЕГЕ ЖОҒАРЫ?

Автор:QAA.kz

Окт 29, 2020

Бұл олқылықты ел болып бірге естідік. Әлемжелі де шулап қоя берді. Алақандай Қызылордадағы мен деген демалыс орындарында басбұзарлық әрекет жасағандар азаймауда. Біреуі жарық шамды сындырса, басқасы орындықтарды қиратып, жерге бояу жағып, ұят сөздерді жазып кетуде. Мектеп балаларына қарасаң барлығы бірдей, шыттай киініп, түзу тұрып, түзу жүреді. Сонда, ересектер қалаға кесірін тигізуде ме?

Білгірлер бұны қаннан дарыған дейді. Кейбірі, тәрбиенің жөнді берілмеуінен көреді. Масқарасы сол тіпті «Аналар аллеясындағы» кіші сәулет өнерлерін де қиратып кетіпті. Қалада бар 270 — ке жуық бейне бақылау камералары біреуін де байқамапты. Осы орайда келесі жылдан бастап камералар санын көбейтіп, алдағы бес жылда 1000-ға жеткіземіз дейді әкімшіліктегілер.

Ешкімге кедергі болмай, тыныш тұрған затты бүлдіруге не себеп? Бұл психикалық ауытқу ма? Мәселен, Еуропада стресс кафе дейтін орталықтар жақсы дамыған. Іші толған ыдыстар, айналар мен шамдар. Ашуылы адам ақшасын төлейді де қалаған затының парша-паршасын шығарады. Арқасынан жүк түсіп, жеңілдейді. Бәлкім біздің жастар да ашулы болар.

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжановтың төрағалығымен қалаға қарасты білім басшылары, аймаққа белгілі абыз ақсақалдар мен айтары бар жастардың дөңгелек үстелі өтті. Соңғы кездері біраз жиында тек әдемі сөздер мен зая уақыттың құрбан болып жүргенін жиі байқайтын болдық. Әйтсе де, «Тәрбие — Тағылымның Түп Қазығы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде өзекті мәселелер қозғалды. Бұл жиынның өзгешелігі тақырыбында. Тақырыптың айналасында біздің абыройлы азаматтарымыз Сәпен Аңсатов, Сайлаубай Әбішевтер өзекті ойларымен бөлісті. Түсінген адамға тәрбиелік мән болары анық.

Тиісті адамдарды жиып алып, нақтынақты тапсырма беруге де болады. Тіпті жаза қолдануға да мүмкіншілік бар. Десе де, сөзденақ ұққан абзал болар. Қаладағы 823 көшенің біреуінде болмасын біреуінде бір бұзақы жоқ емес бар. Жастардың басын қосып, ашық түрде түсіндіру қажет. Жастарға әрқашан мол сенім артылады. Қазір де артады… Бірақ барлығы бірдей сенімнен шыға алады ма?..

Бір жағынан ақпараттық алаңның маңыздылығы мәдени нысандарға, демалыс орындарына нәсихаттау жұмыстары жеткіліксіз болар. Қазіргі күні ғаламтор беттерінен қаладағы демалыс орындарының суреттерін, мекен-жайларын іздеп табуға болады.

Оның өзінде ғаламтордың демалыс орындары деп аталатын бөлімдерінде түнгі клубтар мен мейрамханалар көптеп кездеседі. Аллеялар мен парктер қазіргі күні жастардың жиналып, ластап, шешімке шағатын орындарына айналып барады. Ал мейрамханалар мен клубтардың статусы түрлі саябақтардан жоғары секілді. Оның үстіне Шоқайдың білім алған ордасын бүгінгі күні сауда-саттық дүкен қылып отыр емеспіз бе?

Біздің заманның кей жастары бүгінгі күні қандай іс-әрекет жасаса, келешек ұрпақ бұл буынға солай жауап бермек.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *