QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Облыстық қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

ByQAA.kz

Мау 9, 2020

Қызылорда облысы әкімінің 2020 жылдың 5 маусымдағы №50 өкімімен Қызылорда облысының қаржы басқармасы басшысының лауазымына Шаврова Елена Николаевна тағайындалды.

Шаврова Елена Николаевна 1971 жылы 9 шілдеде Қызылорда қаласында туылған. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясында «экономист» мамандығы бойынша білім алған.

−1993-1994 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімінде экономист;

−1994-1996 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімінде жетекші экономист, бас маман;

−1996-1998 жылдары бюджет бөлімінің сектор меңгерушісі;

−1998-2000 жылдары бюджет бөлімінің бастығының орынбасары;

−2000-2005 жылдары бюджет бөлімінің бастығы;

−2005-2007 жылдары Қызылорда облысының қаржы департаментінің бюджетті үйлестіру, жиынтық және талдау бөлімінің бастығы;

−2008-2013 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының бюджетті үйлестіру, жиынтық және талдау бөлімінің бастығы;

−2013 жылдан бастап Қызылорда облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келген

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған