QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Облыс бойынша олимпиада және ғылыми жобаларға дайындық бағыты жүргізілуде

Автор:QAA.kz

Окт 21, 2020

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КАҚ Волонтер жылында жүзеге асатын 7 бағыттың «Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша республиканың барлық аймақтарына арналған грандтық, конкурс жариялаған болатын. Конкурс қорытындысы бойынша Қызылорда облысында жобаны  «Сана» зияткер жастар мектебі» ҚҚ жүзеге асырады.

«Birgemiz: Bilim»жобасының мақсаты орта мектептердің арналған дайындық сабақтар, ағылшын тілін, компьтерлік және құқықтық жоғары сынып (8-11 сынып) оқушыларына ҰБТ-ға және олимпиадаларға сауаттылықты оқыту курстары бойынша волонтерлік көмек көрсету.

Жобаның мақсатын түсіндіру аясында Қызылорда қаласында және Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған ауданында ZOOM  плотформасы арқылы волонтер мұғалімдермен кездесу өтті. Кездесу барысында 200-ге жуық волонтер қамтылды.

  Ағымдағы жылдың тамыз айының 1-і  және қазан айының 31-і аралығында, жоба аясында Олимпиадажәне ғылыми жобаларға дайындық бағытында сабақ  өтілді. Бұл міндетті іске асыру үшін  10 волонтер жұмылдырылды. Жобаны қамту-өңір бойынша 100 оқушы қатысты. 48 академиялық сағат қамтылды. Жобаға атсалысқан волонтерларға 10 рюкзак пен арнайы нұсқаулық, қойын дәптер, флешка берілді.

«Birgemiz: Bilim» жобасы «Сана» зияткер жастар мектебі»  қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асты.

Мен,Мұстафаева Айнұр Қазалы  ауданы тұрғынымын. Қазіргі, таңда 9 сынып оқимын. «Birgemiz bilim» жобасы бойынша Олимпиада және ғылыми жобаларға дайындық бағытында білім алдым. Жалпы алға қойған мақсатыма бір табан жақындадым. Көптеген ғылыми жобаларда кездесетін жобалармен , тақырыптармен жұмыс жасауды үйрендім. Жоба ұстаздарыма көп-көп рахмет. Мен,Кенжебек Бақытбек осы жобаға қатысып жатқаныма қатты қуанамын. Себебі, жастарға берілген үлкен мүмкіндік деп білемін.Тиімді әрі өз біліктіліктерін жетілдіруге еңбектеніп жатқан жастар үшін ризамын. Қолға алынып жатқан осы жоба аясында білімдерін кең ауқымда оқушыларға аянбай үйретеміз деген ниеттемін. Барша қатысушыларға алғыс білдіремін.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *