2021 ж. Сәуір 14

Қоқысыңды қопсытпа…

Жағдайды жақсы деп айту қиын. Бұл тұста екі жақты келіспеушілік пен түсініспеушілік бар. Біздегі қоқыс тастаушылар ластауын доғармауда, тазалық қызметкерлері оны жинаудан талмайды. Алайда, жұрт үнемі разы емес. Неге екені белгісіз, қалтафонын алып, суретке түсіріп, шағымданып әлемжеліге сала береді. Салғаннан мүйіз шықпайды ғой!


Мәселенің төркіні қоқыста болғанымен, сол қоқыстың қайда ке- тетінін елдің біразы біле бермейді. Полигон деп ұғынсадағы, ол
жақтағы жұмыстың ауыртпашылығын жұрт сезуде ме? Әлгі қоқыс полигонында тереңнен қазылған ойға күніне тонналап қоқыс келеді.
Онысы былай тұрсын, сол қоқыстың ара жігін ажыратып, бөтелкені, қағазды, тетрапакетті бір бөліп, бөлек-бөлек ажыратудың да оңай
болып тұрмағаны анық. Әлгі полигонда тұрмыстық қатты қал- дықтарды сұрыптау кешені бар. Жұмыстың мақсаты сол қалдықты сұрыптау. Оны жинап, сұрыптап сыртқа әкетеді. Егер қаражат қа- ралса өзімізде сол қоқыстан қайта өңделетін өнім жасар едік. Оның барлығы болашақтағы жұмыс қана. Қоқыстың үйден шығар тұсын ойға алайық. Ішінде жуындысы да, шынысы да, лайы мен кесегі бар қоқысты бір қапқа байлап, жәшікке тастаймыз. Онымен қоймай, соны дұрыс істедік деген ой да келеді. Алайда, олай емес. Сол қапты полигондағы біз бен сіздей адамдар бөліп, әр қайсысын өзі секілді туыстас қоқыс түрлеріне апарады. Біреудің қоқысын ашу, ұстау, бөлу оңай ма? Жиіркенішті әрине.


Егер біздегі қоқыс салғыштардың реттілігі басқа болса қалай болар еді? Яғни, бір жәшікке тек шыны, екіншісіне пластмасса, үшіншіге целлофан дегендей. Әлгі пакеттің өзі құмға сіңсе 150 жылда шіриді екен. Бұл масқара!

Ал қазір, біз барлығын бір жәшікке тастаймыз. Ол жәшік толса, таза- лықтың техникалары келіп тиеп алып кетеді. Алайда, жәшіктің өзін техника көтере алмай, тией алмайтын кездер болады. Ол қалай дейсіз? Мәселе мынады. Біреу үйіне “өлтіріп” тұрып жөндеу жасайды. Одан шыққан кесек, кірпіш, құбыр, ескі жиһаздың барлығын бір жә- шікке үйіп кетеді. Сәйкесінше салмағы да біраз ауырлап, байғұс техника көтере алмай әуреге салынып, ішінен май кетіп, жарылатын жері жарылып, істен шығып, мүгедек көлікке айналады. Қоқыс кө- ліктерінің әрқайсысында шекті салмақ болады. Бұны ойлап тап- қандар қоқыс толы жәшіктің орташа салмағын ескере ойлас- тырған. Біздің қазақтың кесек пен ағаш тастайтынын кім білсін? Осылайша қоқысын тиеп полигонға ызғиды. Ол жақтағы бір топ адам қоқысты қабылдап алып, сұрыптауға көшеді. Ана жердегі иістің өзі жүректі айнытардай. Сол жерге қарап тұрып, қызылорда- лықтардың жалақысына қосылатын экологиялық пайыздың барлығын тазалықшыларға бергің келеді. Себебі, экологияның қақ ортасы сол қоқыс алаңы.
Төбе-төбе болып сұрыпталған қоқыс желмен ұшып кетпес үшін, аз орын алып тұруы үшін үстінен зіл көлікпен бір жүріп өтіп, нығыздайды. Сұрыпталған қоқыстар сұрыптау кешеніне кетеді. Біз білмейді екенбіз, қоқыстан пластмасса ыдыстар, дәретхана қағазы секілді керекті заттарды жасауға да болады екен. Әлгі Белкөлдегі кешенде жылына 60 мың тонна тұрмыстық қатты қоқыстар сұрыпталады. Қоқыс бар жерде қарға деген қара құс та, аш иттер мен мысықтар да жүреді. Шамамен алғанда, кем дегенде қоқыстың үстінде, қоқыс жинаушы қызметкерлердің маңында қарқылдаған 200-ге жуық қарға жүреді. Бұл тек көзіміз шалғандары. Осы кешеннің жұмысын көріп, танысуға қалалық мәслихат депутаттары да келді. Мәселенің төркінін ұғынып, көзбен көріп, иісін иіскеп қайтты. Айтылған ұсыныстар тыңдалып, нақты шешім қабылдауға кіріскенді.
Қаладағы “Қызылорда тазалығы” мекемесінің жай күйі де жақсы болмай тұр. Қолында бар техникамен қаланың 800-ден аса көшесін күн сайын тазартуда. Алайда, дәл сол техникалар саны көшенің жартысын игеруге ғана жетеді. Әр тұрғын қоқыс жәшігін
қоюға міндетті.

Қала әкімі Жайымбетовтың тұсында жыл сайын аталған мекемеге 500 миллион теңге бөлінетін болып бекітілген. Ол кезде жеткілікті ақша болғанымен, бүгінде 500 миллион тиын тебен болып қана қалған. Жыртығын жамай алмай қалған сәттер де аз емес. Мекеме басшылығы жоқ дегенде 800 миллион теңге бөлінсе жақсы болар еді дейді. Ал тұрғындар тарапынан жылына 30 шақты миллион ғана түседі екен. Тұрғындардың қарызы шаш етектен. Негізінен тұрғындар өз есіктерінің алдына қоқыс жәшігін қойып, тазалық мекемесімен
келісімге отыруға міндетті. Бұны көбі біле бермейді. Қазір әр тұрғынмен жеке сөйлесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Алайда, жұмыс нәтижені аз беруде. Бұл орайда қалалық мәслихат депутаты Айгүл Мұсабаеваның тарапынан әр мекемеге барып
басшылық арқылы қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жасап, талап ету керек деген ұсыныс түсті. Бір мекемеде 800 адам еңбек етсе ол 800 отбасының мүшесі деген сөз. Кей тұрғындар қоқыс жәшігін орнатуға, оның пұлын төлеуге ақшам жоқ дейді. Бұл тұста да шешім бар. 2-3 үй бірігіп бір қоқыс жәшігін сатып алса да болады емес пе?
Онымен қоймай, қоқысты шашып кететін қаңғыбас ит-мысықтар да көп көрінеді. Жинақы тұрған қоқысты сиыр да, ит пен мысық та шашып, жержерге таратуын тоқтатпауда. Бұл орайда қаңғыбас иттердің көзін құртуды тездеткен абзал болар.

P.S: Біздің тазалық мекемесі тек қоқыстарды жинап, қаланы тазаласа қанекей? Қызметкерлер Қызылорданың құмын да жинайды, шөбін де жұлады. Ал шаһардағы талдың, тоқ бағана- ларының түбін сырлайтын да ос кісілер. Аялдама, жарық шамды қолдап шүберекпен де сүртеді. Сондықтан, аталған мекемеге бір көмектің керегі анық-ақ.


Д.АМАНГЕЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған