Қызылорда облысының әкімі Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА: Оң динамиканы байқап отырмыз
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала тұрғындарының алдында есеп берді. Кездесу аясында көпшілік қала басшысының жұмысын нәтижелі екенін алға тартты. Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала көлемінде атқарылған жұмыстардың жоғары деңгейде екендігін атап өтті.
- Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында біз оң динамиканы байқап отырмыз. Халқымыздың ең үлкен бақыты – туған жеріне адал қызмет ету. Басты мақсат – тұрғындардың әл-ауқатын жақсартып, қолайлы ортада өмір сүрулерін амтамасыз ету. Одан асқан бақыт та, биік шың да жоқ. Сондықтан, біз де осы бағыттағы жұмысымызды абыроймен атқаруымыз керек, — деген облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала әкімінің жұмысы жақсы деңгейде екенін алға тартып, биыл атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.