Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
Съезде партия төрағасы Н.Назарбаев сөз сөйлеп, бірқатар мәселелерді ашып айты.
“Бүгінде Nur Otan еліміздегі халық өміріне жауапты басты саяси күшке және партияға айналды. Партия тарапынан әрдайым тұрғындарға қолдау көрсетіліп келеді. Партия тұрғындардың осал топтарын назардан тыс қалдырған емес” – деп партияның ел алдындағы жауапкершілігін айқындаса, ел Президенті Қ.Тоқаев: “Алдағы сайлау қоғам үшін өте маңызды. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың “Бес институционалды реформа мен ұлт жоспарында” қалыптастырған жүйелік жаңғыруға серпіліс беру керек. Содан да “Өзгеріс жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” сайлауалды бағдарламасын қабылдадық. Бұл әбден зерделенген шынайы, нақты құжат. Экономикадағы қиындықтарға қарамастан Nur Otan үкіметпен бірге алдағы бес жылда 21 трлн теңгенің бағдарламасын жүзеге асыруға күш салмақшы. Бағдарлама елдің әлеуметтік ілгерілеуіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты іс-шаралардан құралған” — деді.