QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Әнші Сиви Махмуди жол апатына ұшырады

Автор:QAA.kz

Сен 2, 2019

Әнші Сиви Махмуди өз көлігінің тізгінінде отырып жол апатына ұшырады. Бұл туралы куәгерлер хабарлады. Болжам бойынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан үш көлік зардап шеккен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап. 

Жол апатының куәгерлері оқиға орнында түсірілген фото, видеомен бөлісті. Олардың айтуынша, апатқа ұшыраған Porsche көлігінің тізгінінде танымал әнші Сиви Махмуди болған.

Басылым мәліметінше, куәгерлер әншінің екі қолы сынып, басы жарақаттанғанын айтқан.  

Видео кадрларынан зақымдалған екі көлікті көруге болады. Алайда, куәгерлердің сөзінше, апат кезінде үш көлік соқтығысқан. 

Stan.kz редакциясы ақпаратты растау үшін Алматы қалалық полиция департаментіне хабарласуда.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *