QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

«Назарбаевтан Тәуелсіздікке» дейін…

Автор:QAA.kz

Окт 19, 2020

Кезіндегі саяжай ауданының бүгінгі күнінде түк өзгеріс болмаған еді. Тұрғындар алыстан ауыз су тасып ішетін. Тегіс жол бұл ауданға арман болған.

Арай мөлтек ауданының ортаңғы бөлігі ел аузында «остров» деп аталды.  Бүгінде осы саяжай аумағының қала құрамына кірген жайы бар. Осы орайда Тәуелсіздік пен Назарбаев даңғылы аралығын жалғайтын су желісін қосу жұмыстары жүруде. Жалпы ұзындығы сегіз шақырымға жуық. Көшесінің май топырағының өзі бір бөлек мәселе. Алайда, алдымен су жүргізілсе, кейін  асфальт төселмек.

Жасыратыны жоқ, тұрғындар осы уақытқа дейін суды алыстан, туған-туыстың үйінен бөшкілеп таситынбыз дейді. Ендігі желтоқсан айына дейін су түгел жүргізілмек. Оның ішінде 175 жеке тұрғын үйге су кіргізу жоспарда бар. Бүгінгі күні сол сегіз шақырымның  екі жарымына құбырлар жүргізілсе, 86 тұрғын үйге ауыз су кіргізілген.

Шаруаны «Механизатор» ЖШС-гі атқаруда. Жұмыстың техникалық қадағалаушысы «Дан-Строй-Проект» ЖШС.

Ауыз су жүргізу жұмысына бас аяғы 250 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жұмыстың басы-қасында жүрген Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Пакуатдин Шамұратов бұл жылғы бюджеттің тапшылығына қарамастан аталған жұмысқа қаржы таптық дейді.

Жасалмақ жұмыстарға республикалық бюджеттен де қаражат қарастырылған. Соның арқасында шаруа толықтай желтоқсан айында бітеді деп күтілуде.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *