2021 ж. Сәуір 14

Нәлібаев үкіметке жоғарылап кетті

Нұрлыбек Машбекұлы жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми әлеуметтік парақшалары.

Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы!

Сізді, Үкімет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалуыңызбен барша қызылордалықтардың атынан шын жүректен құттықтаймыз!Қызылорда қаласын басқарған 8 жыл уақыт бедерінде өңірімізде өзіндік ізіңіз бен өшпес қолтаңбаңызды қалдырдыңыз. Сыр азаматтарына басқарушылық тұрғыда үлкен үлгі көрсетіп, іскерлік қырыңызды таныттыңыз.

Ел қызметінде аймағымызды дамытуға бағыттаған тың жобалар мен тындырымды тірліктер атқарып, өңір өміріндегі жаңа ғасырда қол жеткізген көптеген жетістікке негіз қалаған іскер басшы болдыңыз. Сіздің басшылығыңызбен Алаштың рухани ордасы, ұлт тағдыры шешілген қазақтың алғашқы астанасы Қызылорда қаласы жылдан-жылға қанатын кеңге жайып, жаңарып, жасарып, сәні мен салтанаты келіскен, бүгінгі заманға сай келбетке ие бола бастады. Сыр жұртшылығының ұзақ жылдар есінде қалар ауқымды жобаларға бастамашы болып, халық игілігіне арналған барлық бастамаларыңыздың сәтті жүзеге асқандығына ел куә.

Абыройлы қызметіңізге әрдайым тілекші болып жүрген жерлестеріңіз алдағы уақытта да ел ертеңіне бағытталған барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейді. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында нақты шараларды нәтижелі орындап, биік белестерді бағындырып, елдің және мемлекетіміздің сенімінен шығып, беделді қызмет атқара беруіңізге тілектеспіз.Қадірлі Нұрлыбек Машбекұлы, жаңа қызметіңізде абырой, елімізді дамытуға бағытталған ірі де іргелі істеріңізге толағай табыс, сәттілік, өзіңізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілейміз!

Құрметпен, Қызылорда қаласының әкімдігі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған