QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Мобильді төлемге салық ұстайды?..

ByQAA.kz

Сәу 9, 2021

Ақшаның түрін ұмытып, карта арқылы аударып жүргендер саны көбеюде. Бұның бірнеше ұтымды тұстары бар. Уақытқа да үнем болатын карталық аударымдарды қолданатын жұрт бүгінде алаңдаулы.

Жыл басында карталық аударымдарға салық ұсталады деген ақпарат шыққан еді. Шыны мен өтірігін айыра алмай, абыр-дабыр болып жүргенде Қаржы министрлігі ағынан жарылды.

Олардың айтуынша мобильді аударымдар тек кәсіпкерлерге ғана қатысты. Ол үшін аударымның екі түрінің біреуін таңдауға тура келеді. Жеке аударым мен кәсіптік бағыттағы аударым болып бөлінеді.

Соңғы уақытта мобильді аударымдардың саны көбейгендіктен, коммерциялық аударымдар да қарап қалып жатқан жоқ. Бұрындары ақшасын алып, кассасына салатын дүкендерде қазір онлайн аударымға үйреніп алған. Кім қанша аударып жатыр, оған чек беріле ме, ешкімнің шаруасы жоқ. Осы бағытта, аталған мәселені қолға алмақ ниетпен коммерциялық аударымдардан үкімет өз үлесін ұстап отырмақ.

Өткен 2020 жылы ел тұрғандары тарапынан 17 мың шағым келіп түскен. Әдетте, чек алу арқылы біз тауарды қайта өткізуге кей кездері құқылымыз, ал сатушы салық төлеуі тиіс. Осындай жағдайлардың орындалмауына кей тұрғындар наразы. Бұл өз кезегінде салық кодексінің бұзылуына әкеледі.

Қазіргі күні аталған мәселеге алып-қосарлары барлардың тізімі жинақталды.

Олардың ішінде, комерциялық аударым жасау үшін коммерциялық бағыттағы шот ашылу керек. Оларға аударым түскендігі жайлы мемлекеттік органдарға хабар беру дегендей ұсыныстар да бар.

Жоғарыда аталған мәселе бойынша бизнес өкілдерімен келіссөз жүргізілмек. Ең бастысы бұл жаңалық жеке адамдарға әсерін тигізбейді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған