QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Мергендер сыналған сәт

Автор:QAA.kz

Дек 9, 2020

Қызылорда гарнизонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери-техникалық мектебінің» курсанттары арасында пневматикалық қарудан ату жарысы өтті.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Гарнизонына қарасты Қызылорда қаласындағы Әскери-техникалық мектептің тирінде өткен пневматикалық қарудан ату сайысы аяқталды. Жарыста санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормалар сақталды. Екі күнге созылған сайыс іріктеу және финалдық кезеңдерден тұрды. Екі кезең алдында да қатысушыларға нұсқаушылар тарапынан барлық қауіпсіздік ережелері мен сайыстың тәртібі түсіндірілді. Әскери-техникалық мектебінің 25 курсанты бірінші күні толық құрамда іріктеу кезеңінен өтіп, жоғары нәтиже көрсеткен 8 курсант финалдық кезеңге жолдама алды.

Курсанттар осы оқып жүрген уақытында жоспар бойынша оқу –жаттығу алаңында екі мәрте қарудан оқ атады. Соның алғашқысын атып үлгерген қатысушыларға пневматикалық қарудан ату қиын соққан жоқ. Жарыста өз бақтарын сынап жатқан сарбаздардың жүзінен қуаныш сезімдерін байқауға болады. Жарты күнге созылған сайыста мергендігімен көзге түсіп, өз қатарластарынан оза шапқан Нұрбақыт Каденов өткен жарыстың жеңімпазы атанды.

«Осындай өткізіліп жатқан сайыстар біздерге жігер береді. Әскери-техникалық мектептің офицерлеріне алғысымыз шексіз. Практикалық, теориялық тұрғыдан өте жоғары деңгейде дайындап жатыр. Оқып жүрген аз уақыт аралығында әскери өмірге бейімделіп келеміз. Отан алдындағы борышымды өтеп жатқаныма қуаныштымын. Еліміздің Қарулы Күштеріне қызмет еткім келеді», — деді Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінің курсанты, сайыс жеңімпазы Нұрбақыт Кәденов.

Бұл, әскери-техникалық мектептегі жас өрендердің әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруіне мүмкіндік беретін сайыстардың соңғысы емес. Сонымен қатар, техникалық мектепте курсанттарға пневматикалық қарудан атудан басқа көптеген қосымша тәжірибелік сабақтар өткізіліп келеді. Атап айтқанда, сапер күрегі мен пышақты нысанаға дәл қадау сияқты жоспардан тыс тәжірибелік дәрістер курсанттардың базалық білімін жетілдіруге әсер етері сөзсіз. Осы оқу орнын бітірген түлектер арасында Қарулы Күштерімізге қызмет ететін азаматтардың саны артқан.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

сержант Мұхит Қонаров

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *