QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Мемлекеттік қызметтің маңызы

ByQAA.kz

Қар 16, 2020

Жаһандану жағдайында жаңа заманның талаптары үкімет қабылдайтын шешімдердің сапасын арттыру мәселелерінің өзектілігін күшейтті. Мысалы, орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстан кейін нарықты реттеуді заңнамалық қамтамасыз ету сапасы мәселелеріне көңіл бөліне басталды. Өз кезегінде осындай шешімдердің тиімділігі көбінесе мемлекеттік аппараттың кәсібилігі, адал қызмет ету құндылықтарына жақын болуы, меритократия қағидатының сақталу деңгейімен анықталады. Мемлекеттік қызметті реформалау – басымдылықтары саяси еркіндіктің, мемлекет рөлінің, таңдалған әлеуметтік-экономикалық модельдің, нақты талаптардың болуымен, сондай-ақ қоғамды демократияландыру дәрежесінің негізінде жүзеге асырылатын үздіксіз үдеріс.

Әлеуметтік-экономикалық және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларының тиімділігі мен табыстылығы көбінесе мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен анықталатындығын ескере отырып, мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау кадрлық саясатты жаңғырту мен жетілдіруге бағытталған.

Мемлекет – үстем топтың көпшілік саяси үкіметтің ерекше ұйымы бола отырып, өзінің міндеттері мен кызметтері бар.

Бұл міндеттер мен қызметтер мемлекеттік қызметтен – мемлекеттік қызметкерлердің жеке құрамның нақты әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет өзінің қызметкерлер контингентінде нақ осы кадрларында және нақтылық пен күш алады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері, оларды жузеге асыру барысында жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері мен қызметтері болады.

Мемлекеттің жұмысы – мемлекеттік қызметкерлерге байланысты.

Мемлекеттік қызмет мемлекеттің механизмін ұйымдастыруда, оны мемлекеттік міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруға жарамды және дайын ете отырып, жалғастырады және аяқтайды. Осы қызмет мемлекеттік құрылымның әpбip бөлімін жандандырады, нақты практикалық қызмет үшін әдістер мен формалар, амалдар, шаралар жиынтығын енгізеді. Кез-келген түрдегі мемлекеттің қалыптасуында осы қызмет мемлекеттің өзінің мақсаттарын орындаудағы алғашқы ұйымдастырушылық амалы ретінде шығады.

Мемлекеттік қызметтің құрылымында қарым-қатынастың екі жағы, екі тобы нақты ажыратылады: мемлекеттік қызметті ұйымдастыру оны дайындау және қызметтік әрекет, әpбip қызметкермен және олардың барлығымен бipгe өздерінің қызметтік тәжірбелік құзыреттікктерін жүзеге асыру.

Мемлекеттік қызметі ұйымдастыру қызмет үшін оны қалыптастыруды білдіреді және мәселелердің үлкен шеңберінен турады: қызметтік атауларды бекіту және әpбip лауазым бойынша құзыреттілікті анықтау; мемлекеттік қызметке кipy үшін ережелерді құру; кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру; қызмет бойынша көтерілу ережесі; марапаттау шараларын және тәртіп шараларын және де басқа жауапкершілік шараларын

қолдану; қызметтен өту және қызметтік қатынастарды тоқтату ережелері және кейбір басқа да ережелер. Бұл тәжірбиелік қызмет үшін дайын мақсаттары бар және кадрлармен байланысы бар қарым-қатынсатың үлкен саласы.

Мемлекеттік қызметтің басқа жағы – бұл мемлекеттік қызметкерлердің оларға тапсырылған өкілеттіктерді жүзеге асыру бойынша тәжірбиелік қызмет. Әpбip қызметкер оның жүзеге асыруға тиісті өкілеттіктерінің көлемін анықтайтын лауазымға ие. Бұл өкілеттіктер материалдық мазмұны жағынан өте алуан, оларды іске асырудың құқықтық формалары бойынша әртүрлі (құжаттарды құрастыру, олармен жұмыс, жеке тұлғаларды қабылдау, шағымдарды қарастыру және т.б.)

Мемлекеттік қызметтің мәні мен принциптері:

Дәстурлі кеңестік мемлекеттік қызмет, мемлекеттік органдар жұмыскерлерінің мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін орындау мақсатында кәсіптік негізінде жүзеге асырылатын және оларға төленетін мемлекеттік қызметтің ерекше түpi ретінде қарастырылды.

Мемлекеттік қызмет анықтамасын анықтауда осындай тәсіл, бip жағынан мемлекеттік міндеттері мен қызметтерін, ол қызметтік органдар мен қызметкерлер тұлғасында орындайтын, ал басқа жағынан – нақты міндеттерді шешу және осы қызметтерді атқару бойынша еңбек қызмет ерекшеленеді. Мемлекеттік қызметті құру және оны құқықтық реттеу қажеттілігін мемлекеттік болуымен қатар оның міндеттерімен және қызметтерімен шартталған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуметін ұйымдастыру қажеттілігімен шартталған. Атап айтқанда қызметкер мемлекеттік органдардың, мекемелердің және ұйымдардың, басқарушы және басқарылатын институттары ішіндегі көптеген «құрылымдардың қызметкері ретінде әрекет етеді; олардың өкіліттілігін мемлекет пен қоғамда талап етілетін құқықтық тәртіпті бекіту мақсатында басқару мумкіндіктерін нақты пайдалануды анықтайды.

Мемлекеттік қызметкерші – мемлекеттік әкімшілікке қызметшіге жатады. Олар ҚР жеке тұлғаның және азаматтардың конститутциялық құқықтарын толықтай игерген. Мемлекеттік қызметкерлердің жалпы азаматтық құқықтары мен міндеттері, басқа азаматтармен бірдей. Олар барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады, сондай-ақ қоғам алдында барлық азаматтармен бірдей міндет атқарады.

Қызылорда қаласының

мамандандырылған тергеу сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы: О.Сейсентаев

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған