QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру

ByQAA.kz

Қар 4, 2020

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру, көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Яғни, мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық жауапкершілігін сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы қажет.

Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі − Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту, өзекті құзыреттерді меңгеру және оларды жүзеге асыру қабілетіне тыңдаушы сана-сезімінің ерекше құрылымы себепші болады – оның құзыреттілігі білу, түсіну, қызмет амалдарын меңгеру, болжау, әрекет ету, өз іс-әрекеттерін рефлекстеу және өзінің қызметтік процесінде солар үшін жауапкершілік алу сияқты әмбебап қабілет ретінде көрініс береді.

Мемлекеттік қызметшіге іскерлік қатынаста ұсынылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады: жайдарлылылық (адамдармен тез тіл табыса білу қабілеті), елгезектік (өзгенің қуаныш-қайғысын бөлісе білу қабілеті), сезімталдық (басқа адамды түсіне білу қабілеті) және шешендік (сөзбен әсер ете білу қабілеті) сияқты қасиеттер. Бұл қасиеттер «адамдарға ұнай білу» ұғымымен білдірілетін табиғи қабілеттер жиынтығын құрайды. Аталмыш қабілеттерді меңгеру және оларды дамыту үшін ұдайы жаттығулар жасау – жеке бедел-бейнені табысты қалыптастырудың кепілі.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің көпшілікпен араласа білуі, қоғамда өзін ұстай білуі, кеңестер, іскерлік әңгімелесулерді өткізуі, телекамералардың алдында сабырлылықты жоғалтпауы, баспасөз өкілдерімен және дипломатиялық корпуспен қатынас ептерінің болуы да талап етіледі.

Мемлекеттік қызметкердің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту барысында мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз қызметінің барлық жауапкершілігін толықтай сезініп, қызмет амалдарын жетік меңгеріп, өз ісінің білікті маманы болуы қажет.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы Н.Жалғасбек

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған