QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджин қалыптастыру

ByQAA.kz

Шіл 29, 2020

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру

ByQAA.kz

Мам 27, 2020

2015 жылдың қарашасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы қабылданды.Мемлекеттік қызмет туралы Заң мемлекеттік қызметтің жаңартылған моделінің негізгі шенберлерін және мемлекетті басқарудың барлық жүйесінің тиімділігін күшейту тәртібін айқындайды.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының қажетті бір элементі қызметтік тәртіп болып табылады. Сондықтан кез келген мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін заңнама талаптарына сай орындауға тиіс. Заңнама талаптарына кейбір жағдайларда, мемлекеттік қызметшінің өз құқықтарын пайдалануын да кіргізуге болады. Өйткені мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметте тек қана міндеттік сана-сезімде ғана емес, сонымен қатар берілген және кепілдендірілген құқықтарды орынды пайдаланушы да бола білуі қажет. Осындай жағдайларда ғана мемлекеттік қызметтің заңдылығы мен тиімділігі жоғары болатыны анық.

Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезінуі, өз елінің патриоты болуы және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көп жағдайда мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне негізделеді. Және бұл қабылдау әрдайым оң болғанын қалаймын. Имидждің маңызды функционалдық және мәртебелік мәні бар екенін ескере отырып, ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің, мемлекет жүргізетін қайта құрулардың тиімділігін бағалау критерийі болып табылады.

Имидж (ағылшынның image сөзінен) – тұлғалардың анықталған тобына эмоционалдық – психологиялық ықпал ететін, мақсатты бағытта қалыптастырылған (тұлғаның, ұйымның, көріністердің) бейне деген мағынаны білдіреді.

Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді

Г.Салимова

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының бас маманы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және азаматтардың мүддесін іске асыруға арналған.

Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар.Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сейкестігінің дәрежесін бекітеді. Осының салдарынан, имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатынасы бойынша мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады.

Осы уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр. Мемлекеттік қызметшілердің оң имджін қалыптастыру- ауыр және ұзақ процесс. Мемлекеттік қызметшінің оң имидждіне қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз өзара байланыста. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде анықталған. Мемлекеттік қызметшіде жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны іс жүзінде қолдана білу, адалдық, ынталы өмірлік ұстаным болуы, мемлекеттік қызметшінің патриоттық сезімі, моральдық келбеті болуы қажет.

Қызылорда қаласының №2 сотының

бас маман сот отырысының хатшысы Е.Есжанов

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған