QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Мемлекеттік қызметші- Мемлекеттің абыройы

ByQAA.kz

Жел 30, 2020

Әлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлес салмағы ерекше.

Мемлекеттік қызметшілер –Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа алуға, қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға, адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндетті.

Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білу үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек. Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейтіні хақ. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің имиджін көтеру-күрделі және ұзақ процесс. Мемлекеттік қызметшілер – билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Елбасының: «Алда тұрған реформалау азаматтардың құқықтарын құрметтейтіндей және олардың заңды мүдделеріне қызмет ететіндей мөлдір де тиімді модельді қалыптастырады. Мемлекеттік қызмет меритократия қағидаты негізінде барлық азаматтарға өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктер берілетін әділ қазақстандық қоғамның түп бейнесіне айналады» дегені аталмыш реформаның мемлекеттік қызметшілердің келешегі үшін жасалып отырған қадам екенін білдіреді. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы болып табылатын жаңа Әдеп жөніндегі кодексі, бұл- жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат.

Қызылорда қаласының №2 сотының

бас маман сот отырысының хатшысы М.Кулимова

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған