QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Мемлекеттік қызметші – халық қызметшісі

ByQAA.kz

Жел 29, 2020

Мемлекеттік қызмет – билік пен халық арасын жалғайтын көпір іспетті. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызмет саласында реформалар іске асырылуда. Бұл реформалардың негізгі мақсаты – нақты нәтижеге бағытталған, қоғамның сұраныстарына жауап бере алатын кәсіби мемлекеттік аппарат құру.Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез-келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты.

Елімізде мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған реформалар жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшейтілуінің нәтижесінде бұл қызмет сапасының артуына мүмкіндік туады. 2015 жылы 23 қараша айында мемлекеттік қызметшілердің мақсат, міндеттерін айқындайтын «Мемлекеттік қызмет туралы» заң қабылданды. Қазақстан Республикасында мерекелік күнтізбенің қатарына 23-маусым – «Мемлекеттік қызметшілер күні» болып бекітілді. Бұл мерекенің негізгі мақсаты – мемлекеттік орындарда қызмет атқаратын мамандарымыздыңжұмысқа деген ынта-жігерін арттыру, еңбегін назардан тыс қалдырмай марапаттау, халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түсу болып табылады. Марапаттаулар қатарына «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі бекітілді. Бұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің абыройын көтеріп, қызметіне деген сүйіспеншілігін арттырып, жарқын нәтижелерге ынталандыруға септігін тигізері сөзсіз.

Жалпы мемлекеттік қызмет мен үшін жауапты міндеттер жүктейтін, абыройлы лауазым болып табылады. Қазақстан Республикасының әрбір арнаулы орта және жоғары білімі бар азаматтарына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруларына жағдай жасалған. Бұл қызмет үміткерден – білімді, құқықтық сауаттылықты, тәртіптілікті, адалдық пен ар-намыс тазалығын талап етеді.

Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді іске асыру көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасы Н.Назарбаев пен Президентіміз Қ.Тоқаев заманауи, стратегиялық міндеттерді тиімді іске асыратын мемлекеттік аппаратты құру мәселесін әрдайым назардан қалдырған емес.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесінде оқытудың инфраструктурасы қалыптастырылған,оның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы, өңірлік қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталықтары және тағы басқа білім беру мекемелері кіреді. Орташа есеппен қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің үштен бірі оқытылады, нәтижесінде үш жыл сайын мемлекеттік қызметшілер жүз пайыз оқыту курстарымен қамтамасыз етіліп жүр.

Әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті мемлекет мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алатын деңгейде болуы. Себебі, әлеуметтік-экономикалық қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметтегі қызметкерлерге байланысты.

Мемлекет алдында тұрған өзекті мәселелерді іске асыратын мемлекеттік қызметшілер екендігін ескерер болсақ, мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен білім-біліктілігімен қызметтік тәжірибесімен ғана емес, әділеттілігімен, қарапайымдылығымен, сабырлығымен, сауаттылығымен, патриоттылығымен, қажыр-қайратымен үлгі болуы керек.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы болып табылатын жаңа Әдеп жөніндегі кодексі бұл – жауапкершілік жүгін арттыратын талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді. Мемлекеттік қызметшілер өз ісінің кәсіпқойлылығымен қатар қарапайымдылық, әділдік, адалдық сияқты ұстанымдарымен ерекшеленіп тұру кректігі басты орында тұрады.

Мен үшін мемлекеттік қызмет – абыройлы атақ. Осы абыройлы ісіме адал еңбек етуге, қызметіме кір келтірмеуге бар күш-жігерімді саламын.

Қызылорда қалалық сотының бас маманы А.К.Саденова

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған