QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Мектептерде соңғы қоңырау өткізіледі

Автор:QAA.kz

Май 11, 2020

Мектептер аттестат беру және соңғы қоңырауды 3-4 маусымда ашық алаңдарда өткізеді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Жыл соңына дейін (оқу жылы — авт.) 3,3 миллион оқушыны, ЖОО мен колледждердің 1 миллион студентін қашықтан оқыту бойынша жұмыс жалғасады. Аттестаттарды беру және соңғы қоңырау 3-4 маусым күні мектеп жанындағы ашық алаңдарда өтеді. Тек адам саны аз болуы керек және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы керек», — деді Тоғжанов.

Ол ҰБТ штаттық режимде 20 маусымнан бастап, санитарлық нормаларды сақтай отырып, 168 пункт бойынша өтетінін хабарлады. 

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *