QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Медиацияның ықпалы зор

ByQAA.kz

Қаң 5, 2021

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар түсіндірілді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Бақытбек Елшібековтың айтуынша экономикалық сотқа 2020 жылдың 12 айында 3020 талап арыз түсіп және 135 азаматтық іс түскен. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштер талап арыздары бойынша 20 пайызға, азаматтық арыз бойынша 13 пайызға азайған.

Ал қаралып, аяқталған істер саны 2260-қа тең болса 2019 жылы бұл көрсеткіш 3345-ке жеткен болатын. Демек, салыстырмалы түрде 2020 жылы аяқталған істер саны 2019 жылмен салыстарғанда 33 пайызға азайған.

Сондай-ақ, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді банкрот деп танитын істер саны едәуір азайған. Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында жасаған үндеуінде атап өткен мәселелердің бірі – осы күрделі кезеңде кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін қолдап, жекеменшік пен бәсекелестікті қорғау маңызды екендігін айтып, 2020 жылдың 1 қазанына дейін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты банкроттық рәсімді тоқтата тұру тапсырылған болатын. 2019 жылы салық органдарымен кәсіпкерлерді банкрот деп тануға 135 арыз берілсе былтырғы жылы олардың саны 112 болды.

Сонымен қатар, екі тарапты медиаца, бітімгершілікке келтіру бойынша да жұмыстар атқарылған. Осы кезеңде 329 іс өндірістен алынып, тоқтатылған. Қатарында бітімгершілікпен – 27, сот медиациясымен – 102 іс бар.

Тараптардың медиацияға келіп татуласуына байланысты 23 млн. теңгеден астам мемлекеттік баж талап қоюшыларға кері қайтарылған.

Және,»Медиация туралы» Заңының 1-бабының 3-тармағы өзгертілді. Бұрын тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға медиация рәсімі қолданылмайтындығы белгіленсе, 2021 жылдың 1-шілдесінен бастап әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін «Медиация туралы» Заңының 1-бабының 3-тармағына сәйкес тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде жеке және заңды тұлғалар қатысатын дауларға медиация рәсімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қолданылады.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған