QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Медиация – татулықтың тірегі

ByQAA.kz

Қыр 28, 2020

Медиация тараптардың арасында туындаған дауларды реттеп, оларды өзара келісім арқылы бітімгершілікке шақыратын, тараптардың тілектері мен мүдделерін ескеретін және бірігіп ізденудің арқасында ортақ шешімге келетін тиімді баламалы әдістердің бірі болып табылады.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі. Медиатор дегеніміз, тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады.

Медиацияның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.

Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды. Келісімде медиация тараптары, даудың нысанасы, медиатор туралы деректер, сондай – ақ тараптар келіскен келісімнің шарттары, олардың орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдарын қамтиды. Дауды реттеу туралы келісімді медиация тараптары ерікті түрде аталған келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға тиіс. Азаматтық істі сотта қарағанға дейін жасалған дауды реттеу туралы келісім тараптардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді. Азаматтық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім дереу іс жүргізіп отырған судьяға жіберіледі. Дауды реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің көзделген тәртіппен бекітеді. Қорыта айтқанда, медиация арқылы дауды шешкен әлдеқайда тиімді.

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

сот приставы Е.Сағындық

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған