QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Медиация татулықтың тірегі

Автор:QAA.kz

Май 28, 2021

Қазір дау да, кикілжің де көбейді. Оған себеп, меншік түрлерінің көбеюі, нарықтық қатынастардың орнауы және халықтың құқықтық сауаты мен талабының артуы. Кез-келген даумен халық сотқа жүгінетін болды.

Медиация термині латын тіліндегі-«медиана»-орта сызық деген сөзден шыққан.

«Медиация туралы» заңы небары 28 баптан тұратын осы заңның тиімді жақтары басым екенін, халық әлі жіті түсіне қойған жоқ.

Адам бір даумен сотқа жүгінсе, оған қорғаушы жалдайды, баж алымын төлейді, қылмыстық іс бойынша адамға айып тағылып, сотты болады. Өз пікірлерін дәлелдеу үшін дәлелдемелер мен тиісті құжаттар жинайды. Сотта өз пайдасына шешім шықпаған тарапта, өзіне қатысты шешім немесе үкім шыққан тарап та өз наздарын білдіреді, яғни тараптар өз келіспеушіліктерін білдіріп, шағымдар жазып, өз уақыттарын ысырап етеді. Ал медиация рәсімінде мұның бірде- бірі талап етілмейді, заңның бабтары да қолданылмайды және сот рәсіміне қарағанда, бұл рәсім әлдеқайда қысқа. Медиация жүргізу екі тараптың өз келісімдерімен, өздері таңдаған уақытта жүргізіледі. Медиация сотқа жүгінгенге дейін де сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін. Дауласушы жаққа медиацияға жүгінуге ұсыныстарды тараптардың ұсыныстары бойынша немесе сот немесе қылмыстық қудалау органдары жасай алады. Қазіргі кезде соттар «Медиация туралы» заңын дауласушыларға жазбаша түрде түсіндіреді.

Медиация ара-ағайындық негізінен тұрғын үй, тұрмыстық, еңбек, қарыз өндіру, отбасылық дауларды шешуге қолданылады. Ал қылмыстық істерді, егер аса ауыр қылмыс болмаса медиация тәртібімен шешуге де болады. Істер медиация тәртібімен бітсе, сотта іс жүргізу тоқтатылады. Медиация нәтижисінде медиацияға қол жеткізсе, дауды реттеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады. Оның бір данасы сотқа, екінші-үшінші данасы тараптарға тапсырылады, ал төртінші данасы медиаторда қалады. Егер, дауды реттеу туралы келісімде көрсетілген талаптар орындалған жағдайда, сотқа өтініш беріліп, мәжбүрлеп орындауға жолданады.

Медиатор қызметі өз саласы бойынша – кәсіпқой және кәсіби емес деп екіге бөлінеді. Кәсіби емес медиатор – қырық жасқа толған, қабілетті және осы ұйым тізімінде тіркеуде тұратын, ортада беделді тұлға болуы шарт. Олардың тізімін жергілікті атқарушы билік жүргізеді. Ал, кәсіби медиаторлар өз ісін ақылы негізде немесе тегін жүзеге асырады. Оларға төленетін сыйақы мөлшері тараптардың келісімі бойынша анықталады.

Сондай-ақ кез-келген уақытта тараптар бітімгерлік рәсімдерді (медиацияны) жалғастырудан бас тартып, жалпы тәртіппен сотқа жүгінуге болады.

Егер медиатордың пікірі бойынша бітімгерлік рәсімдерді одан әрі жүргізу, яғни тараптар арасындағы дауды шешу мүмкін болмаса, медиатор іс жүргізуді тоқтатуға құқылы.

Осындай жаңа заңнамалардың өмірге келуі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен олардың құқықтарын қалпына келтіруді мақсат тұтатыны ерекше сезімдерге бөлейді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы Н.Жиенкожа

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *