QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Медиация – татулықтың тірегі

ByQAA.kz

Қыр 30, 2020

Медиация – тәуелсіз, бейтарап үшінші жақ болып табылатын медиатордың көмегімен дау – дамайлар (жанжалдарды) соттан тыс шешу нысаны.

Медиация туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енген болатын. Медиацияны пайдалану біріншіден, бізге дауларды жеке тайталасу саласынан мүдделі пікірталас саласына ауыстыра отырып, олардың даулылығы мен шиеленісуін төмендетуге, азаматтар мен ұйымдардың дауларды сотқа жүгінбей және істі сотта қарау процесінде шешу үшін татуласу рәсімдерін пайдалануына, дауға қатысушылардың үнемділігін, шығынның барынша төмен болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – кінәлілерді іздеуге емес, ортақ шешімге келу жолдарын іздестіре отырып, екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқаға қол жеткізу болып отыр. Сондай-ақ, медиацияның басты қағидаттары еріктілік, тараптардың тең құқылығы, құпиялылық, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілігі болып табылады.

Медиацияның нәтижесінде «кінәлілер» мен «кінәсіз» деген тараптар болмайды. Қысқаша айтқанда, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға емес, өзара тиімді шешімді табуға бағытталған. Яғни, жанжалдасушы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да кәсіби бітімгершілікке жүгінеді. Ол дауды тындаған соң, тиімді шешімді ұсындады.

Медиацияның артықшылықтары: тараптар уақытын үнемдейді, мемлекеттік баж төленбейді.

Медиатор басшылыққа алатын негіз болатын 5 қағидамен ерекшеленеді-еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы, медиация рәсіміне араласуға жол берілмеуі, құпиялылық.

Медиация тәсілін пайдалану – еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына қосылуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының

Бас маманы Г.Тәженова

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған