QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Медиация мақсаты — бітімгершілік

Автор:QAA.kz

Окт 28, 2020

Медиация- тәуелсіз, бейтарап үшінші жақ болып табылатын медиатордың көмегімен дау –дамайлар (жанжалдарды) соттан тыс шешу нысаны.

Медиация туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енген болатын. Медиацияны пайдалану біріншіден, бізге дауларды жеке тайталасу саласынан мүдделі пікірталас саласына ауыстыра отырып, олардың даулылығы мен шиеленісуін төмендетуге, азаматтар мен ұйымдардың дауларды сотқа жүгінбей және істі сотта қарау процесінде шешу үшін татуласу рәсімдерін пайдалануына, дауға қатысушылардың үнемділігін, шығынның барынша төмен болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз — кінәлілерді іздеуге емес, ортақ шешімге келу жолдарын іздестіре отырып, екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқаға қол жеткізу болып отыр. Сондай-ақ, медиацияның басты қағидаттары еріктілік, тараптардың тең құқылығы, құпиялылық, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілігі болып табылады.

Кейбір шетелдерде медиация соттың талқылауымен қатар даулар мен дау-шарларды реттеуде қолданылатын ерекше нысан болып табылады. Одан тыс, шетелдерде ол бұрыннан түрлі мемлекеттік құрылымдар мен жеке фирмалар айналысатын елеулі бизнеске айналған.

Ең танымалдардың арасында Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Франция елдерінің медиация орталықтары бар.

Медиация жүргізу қажет болып табылатын даулардың (жанжалдардың) санаттарына мұрагерлік, некені бұзу және мүлікті бөлу туралы, қарыз келісім шарттары бойынша, сақтандыру және т.б. санаттағы даулар (жанжалдар) жатқызылған.

Медиация тәсілін пайдалану – еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына қосылуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Ж.Успанов

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының бас маманы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *