QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Медиация мақсаты — бітім

Автор:QAA.kz

Июл 20, 2020

Сот тәртібінде қарастырылуға тиіс даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде медиация әдісін қолдану өте маңызды. Медиация- тәуелсіз, бейтарап үшінші жақ болып табылатын медиатордың көмегімен дау –дамайлар (жанжалдарды) соттан тыс шешу нысаны.

Медиация туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енген болатын. Медиацияны пайдалану біріншіден, бізге дауларды жеке тайталасу саласынан мүдделі пікірталас саласына ауыстыра отырып, олардың даулылығы мен шиеленісуін төмендетуге, азаматтар мен ұйымдардың дауларды сотқа жүгінбей және істі сотта қарау процесінде шешу үшін татуласу рәсімдерін пайдалануына, дауға қатысушылардың үнемділігін, шығынның барынша төмен болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз — кінәлілерді іздеуге емес, ортақ шешімге келу жолдарын іздестіре отырып, екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқаға қол жеткізу болып отыр. Сондай-ақ, медиацияның басты қағидаттары еріктілік, тараптардың тең құқылығы, құпиялылық, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілігі болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу заңнамасы дауларды және қақтығыстарды шешудің баламалы жолдарын қарастырады. Медиация- олардың сот ісінде қолданылады. Медиация әдістері негізінен ынтымақтастық туралы келіссөздерге негізделеді. Медиация — келіссөздер процесі. Онда медиатор келіссөздерді ұйымдастырып, басқарады. Бұл тараптар екі тараптың мүдделеріне қанағаттанатын ең тиімді келісімге келуі үшін, нәтижесінде тараптар қақтығысты өздері шешуі үшін қолданылады Сот тарапынан медиация арқылы iстi қарау кезiнде дауды шешу үшiн қабылданатын шаралар Азаматтық іс жүргізу кодексі арқылы реттеледі, ол медиацияның мүмкіндіктерін кеңейтеді, сот медиациясын жүргізу тәртібін реттейді.

Медиация жүргізу қажет болып табылатын даулардың (жанжалдардың) санаттарына мұрагерлік, некені бұзу және мүлікті бөлу туралы, қарыз келісім шарттары бойынша, сақтандыру және т.б. санаттағы даулар (жанжалдар) жатқызылған.

Медиация тәсілін пайдалану – еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына қосылуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының бас маманы

М.Жуынтаев

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *