QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Марапатқа, сый-сияпатқа қызығатын кез емес…

Автор:QAA.kz

Июн 6, 2019

Жылдағы дәстүр бойынша маусымның 26-сында журналистер мерекесi атап өтiледi. Бұған қайсыбiр бюджеттен болмасын әжептеуiр қаржы кететiнi белгiлi. Басқасын айтпағанда күнi кеше мектеп бiтiрген түлектер де ата-анаға қаржылық салмақ салмаймыз деп «вечер» өткiзуден, мектеп бiтiру кешiне ақша жұмсаудан бас тартты. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы мектеп директорлары да қауымдасып, көп балалы отбасының бiрiне үй алып бердi.

Әлеуметтiк жағдайы қиын жандарға жер-жерде әлеуметтiң жасап жатқан игi iстерi туралы «уралап» жазып жатқан жорналшылар да биылғы кәсiби мерекеге жұмсайтын бюджет қаржысын әлеуметтiң осал тобының бiрiнiң жыртығын жамауға жұмсаса жөн болар едi… Бұл ұсыныс әркiмнiң де көкейiнде бар болса керек…

«Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы С.Бихожаева

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *