2021 ж. Сәуір 14

«Мұз жару» қанша тұрады?

Сырдария өзенінде мұз жару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемемен 10 млн. теңгеге келісім шарт жасалды. Қажетті жағдайда кептелістің алдын алу шаралары толықтай жүзеге асады. – Бүгінде облыс бойынша Сырдария өзенінің бойында 56 қауіпті учаске бар. Ол жерлерге құрамында 402 бірлік арнайы техника, 1178 адам қамтылған 130 мекеме бекітілді. Осылайша күн сайын қала мен аудан бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Сондай-ақ, су
тасқынының алдын алуға қажетті заттар қоры дайын, – деп брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөлімінің басшысы Ағайша Сматова мәлімдеді.

Қазіргі таңда Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне түсіп жатқан су көлемі азайып, небәрі 100 текше метрді құрап отыр. Ал өзендегі мұз қалыңдығ орташа 5-15 см. солтүстік аудандарда 20-55 см.

«Сырдария өзенінің арнасында мұз қалыңдығы әртүрлі. Бүгінде мұз Сырдария ауданы Керкелмес учаскесінен төмен 10 шақырым жерде тұр. Яғни, Қызылорда су торабынан жоғары қарай 45 шақырым қашықтықта. Қазір ауа температурасы төмен болғандықтан мұздық жылжуы тежеліп тұр. Қала төңірегіне наурыз айының 20-25 аралығында келеді деп
болжап отырмыз», – деді «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орын­басары Жорабек Ерназаров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған