Мәулен Әшімбаев Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, Сенат депутаты болып тағайындалды.
«Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», — делінген жарлықта.