QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН 42500 ТЕҢГЕ КІМДЕРГЕ ТӨЛЕНЕДІ?

Автор:QAA.kz

Июл 23, 2020

Аймақта 57708 адам 42,500 теңге көлемінде қосымша әлеуметтік жәрдемақы алуға жүгінді. Оның ішінде шілде айына 43482 азаматқа 1,8 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Өтініштер 42500.enbek.kz портал, Egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмм-боттар арқылы 17 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Әлеуметтік төлем жұмыстарын жүргізу үшін облыстық, аудандық және қалалық деңгейде өтініштерді қарайтын арнайы штабтар жұмыс жасауда. Біржолғы төлем шілде айына ақысыз еңбек демалысына жіберілген немесе табысынан айырылған тұлғаларға бір рет тағайындалып, төленеді:

— Орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлеріне; — Жеке кәсіпкерлерге;

— Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын адамдарға;

— Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге; — Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға.

Төлем төленбейтін санаттар:

1.Жұмыс берушінің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, келісім шартпен жұмыс істейтіндердің қызметіне шектеу қойылмағандар;

2.Еңбек демалысындағы немесе әлеуметтік демалыстағы адамдар;

3.Еңбек заңнамасына сәйкес тоқтап тұрудың енгізілуіне байланысты жұмысынан босатылған адамдар (высвобожденные).

4.Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында бірыңғай жиынтық төлемдері жоқ төлеушілер;

5.Келісім шартпен жұмыс істейтін азаматтар, олардың ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықта өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары түспегендер;

6.Әлеуметтік төлем алушылар (зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек), қордан төленетін әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылмағандар, жұмыс күшінің құрамына кірмейтін(пенсионерлер, балалар, студенттер), шектеу енгізілген кезеңде бірінші рет БЖТ төлегендер;

7.Толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдар;

8.Жоғалтылған кірісі қалпына келтірілгендер.

16 шілдеден бастап 42500 теңге мөлшеріндегі бір реттік көмекті төлеу бойынша автоматты түрде жәрдемақы тағайындауға жататын азаматтарға проактивті SMS тарату жұмысы басталды (БЖТ — 1414-тен SMS).

33 280 қызылордалыққа автоматты түрде SMS жолданып, табысынан айырылғандығын растау жұмыстары жүргізілді.

Осы санаттағы проактивті қызметті пайдаланбаған тұлғалар үшін өтінім қабылдау проактивті қызмет көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады (eGov.kz порталы, 42500. enbek.kz және Aitu платформасы, 18 telegramбот).

Жеке кәсіпкер үшін, азаматтық құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар) үшін– төлемге өтінім қабылдау жұма күні, 17 шілдеде 15:00 сағаттан кейін басталды (eGov.kz порталы, 42500.enbek.kz және Aitu платформасы, Halyk және Kaspi банктердің сайттары мен мобильді қолданбалары). Өз қызметкерлері үшін өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінім қабылдау 2020 жылғы 19 шілдеде 10:00 сағаттан басталды (eGov.kz порталы, 42500. enbek.kz). Егер жеке кәсіпкерлікте жұмыс істеп, ақысыз еңбек демалысына жіберілсеңіз онда өтінімді жұмыс беруші жолдауы қажет. Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov электронды үкімет порталы мен 42500.enbek.kz вебсайты және Telegramбот, kaspi.kz, HomeBank мобильді қосымшалары арқылы онлайн түрде жолдауға болады. Жалпы мобильді қосымшалар мен вебсайттар арқылы 29 128 өтінім келіп түсті.

Шілде айында атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеушілер, жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтар, жалпы 63253 адамға 5567 теңгеден 352,1 млн. теңге төленеді.

1 шілдеден бастап биылғы жылдың 1-2 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған 9023 отбасының өтініші 3-тоқсанға ақпараттық жүйеден автоматты түрде ұзартылып, қайта тағайындау жұмыстары жүргізілуде. Атаулы әлеуметтік көмек алуға бірінші рет өтініш беретін азаматтардың өтініштері «e-gov» электронды порталы арқылы қабылдануда.

Қатаң карантин кезеңінде тұрғындардың сауалдарына жауап беретін телефондар іске қосылды. — Әлеуметтік көмекке байланысты — 8 (7242) 27 01 11; — 42500 теңгеге байланысты — 8 (7242) 26 38 20.

Облыс әкімдігінің баспасөз орталығында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Денеева Гүлсім Жұмағалиқызы өткізген брифингтен

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *