QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Mәселенің оң шешілуіне ықпал етті

Автор:QAA.kz

Фев 11, 2021

Тасбөгет кентінің тұрғыны, жалғызбасты ана Гүлдана Бақтыбаева «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне әлеуметтік мәселемен келген еді. Асыраушысы жоқ, үш қызды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ананың кенжесі 1 жасқа енді келеді. Үш қызымен жалдап тұрып жатқан үйінің коммуналдық шығындары мен пәтер ақысына да төлейтін қаржысы қалмапты. Балаларына үкіметтен алатын жәрдемақыны қайда жеткізерін білмей қиналып жүрген ана, азық түлікпен қолдау болса дейді
Келесі азамат Жанна Қосуақова тұрып жатқан үйінің құжаттарын рәсімдеу үшін қаржылай көмек сұрайды. Айтуынша сатып кетке үй иесі құжаттарын толық бермеген. Ол мұны уақытында тексеріп алмаған өзімнің қателігім деп санайды. Енді рәсімдеу жұмыстарын жүргізуге өзі, не күйеуі жұмыс істемейді екен. Осылай жүре берсек, бір күні үй — күйсіз далада қалып қоямыз ба деп қорқады.
Мәселенің мән-жайына қаныққан облыстық мәслихат депутаты, өтініш иелерінің басындағы жағдайларға бей-жай қарамады. Оларға ақыл кеңесін айтып, балаларына азық – түлік болсын немесе қажеттеріне жаратсын деген ниетпен қаржылай қолдау көрсетті.

Халық қалаулысының қабылдауына келген зейнеткер Жаңаберген Жалмағамбетов болса, жаңадан көтеріп жатқан тұрғын үйінің шатырын жабуға құрылыс материалдарынан көмек көрсетуді сұрайды. Атап өту керек, ақсақал бұған дейін де партия филиалына құрылыс материалдарымен көмек көрсетуге өтініш жазған болатын. Алайда өтініш қанағаттандырылып, нұротандық кәсіпкердің көмегімен қолдау көрсетілген болатын. Осыған сәйкес ақсақалға кеңес берілді. Алдағы уақытта мүмкіндіктер болып жатса қолдау көрсетілетін болып келісілді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *