"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Мәдениет мәресіне жетті…

ByQAA.kz

Қар 19, 2021

Қаланың мәдениетін мәнді қылып отырған басшы, айтыстың алыбы Мұхтар Ниязов та депутаттар алдында баяндама жасады. Биылғы қала күніне орай дүбірлі ән кештері өткізілмесе де рухани, тәрбиелік іс-шаралар молынан өткізілді. Онлайны бар, офлайны бар. Өзі де айтыстың ортасында талай уақыт жүріп, жеңіссіз қайтқан додасы болмай, Сыр елінің төріне «Алтын домбыраны» да әкеліп, мұражайға мұра етті.

Сірә, Ниязов елге керектіні, жастарға қажеттіні білетін сыңайлы. Соның бір айғағы қала күні қарсаңында өткен айтыстың жанашыры, жаңғыртушысы Жүрсін Ерманның кітапбының тұсау кесері әрі туған күніне орайластырылған театр қойылымы еді. Бұл кештен алған әсер тым керемет болатын.

Жасаған шаралары жастарға ой, елге мән сыйларлық. Керексіз ойын-сауыққа қаржы құртпай, ұлт діңгегіне пайдалы, нығайтатын мәнді де мағыналы шаралардың соңғы уақытта көбейгенін байқаймыз.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі биылғы жылы пандемияның салдарынан көпшілік басын біріктіретін ойын-сауық, мәдени кештерін шектеген болатын. Мәдени іс-шара төрт-бес адамның басын қосып емес, күллі тұрғынды жинап өткізілетін болғандықтан кей шаралар онлайн форматта өткізілді. 2021 жылдың 10 айында бөлімнің қаржылық жоспарында 99,9% игерілген. Биылғы жылдың 10 айында мәдениет саласы бойынша 1161 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 155 299 көрермен тартылған. Оның ішінде, онлайн форматта өткізілген мәдени іс-шаралар саны 961 құраса, қаралым саны 150904 болып отыр. Соның ішінде: ауылдық жерде 489 шара қамтылып көрермен саны 40582 құрады. Онлайн форматта өткізілген мәдени іс-шаралар саны 284, қаралым саны 24940 болып отыр. Бөлімге қарасты мәдениет үйлерінде 90 үйірме жұмыс жасап, онда 1047 өнерпаз бала тартылған.

 P.S: Жалпы биылғы қала күні мерекесінде қыруар ақшаға от шашу мен сырттан келетін әншілер басын біріктіріп, орталықта ұйымдастырылатын концерттерге шектеу қойылды. Ол қаражат та, жергілікті демеушілер тарапынан берілген көмектер де әлеуметтік осал топтарға азық-түлік пакеттері және т.б көмек ретінде бағытталған болатын.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған