2021 ж. Сәуір 14

Мүбараковтың міні жоқ?..

Әбдіқалықованың әкімдері әлеуетті ме?

Шиелі ауданының әкімі Қ.Мүбараков та әкім болғалы бергі өзіне қатысты дау-дамайға қарамастан бірқатар игі істерді қолға алыпты. 2021 жылы ауданда 2 040 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға 1 369 отбасының 7 246 мүшесіне 120,8 млн. теңге тағайындалды. 2021 жылы жылдық бюджет 21 млрд. 534 млн. 437 мың теңгені құрайды. 2021 жылына жалпы 22 млрд. 252 млн. 71,1 мың теңге жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың 1 наурызына шығыстар бөлігі жалпы 2 млрд. 425 млн. 219,7 мың теңге жоспарланып, 2 млрд. 407 млн. 427,1 мың теңгеге немесе 99,3 пайызға орындалды. Игерілмеген қаржы 17 млн. 792,6 мың теңге.
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 2021 жылға Шиелі ауданында 97 маманға 424,4 млн. теңге тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит жоспарланып отыр. 2021 жылдың 2 айында өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 4 млрд. 168 млн. теңгені құрап, 141,7 пайызға артты. Аудан бойынша 2021 жылы барлығы 30 246 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленуде. Ал, негізгі дақыл күріштің үлесі – 12 037 гектар. Жалпы егіс көлемінің 38,8 пайызын құрап отыр.Ауданның азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлікөнімдерінің импортын азайту мақсатында ағымдағы жылы күтілетін су тапшылығы салдарынанан дәнді дақылдар үлесін (күрішті қоспағанда) 2379 гектарға (былтырғы жылы 1702 га), картоп, көкөніс, бақша дақылдарын 5157 гектарға ұлғайту көзделуде. Сондай-ақ, 70 гектарға соя дақылы егілетін болады. Тұқым дайындығы 2021 жылдың егісіне 377 тонна күздік бидай тұқымы дайындалып, егілсе, көктемгі дала жұмыстарына 60 тонна жаздық бидай, 25 тонна мақсары, 60 тонна жоңышқа және негізгі дақыл күріштің 3000 тонна тұқымдары құйылды. Жаздық бидай тұқымының бүгінге 60 тоннасы 100%, мақсары тұқымының 25 тоннасы 100%, жоңышқа тұқымының 60 тоннасы 100% және күріш тұқымының 2790 тоннасы яғни 93%-ы себу дәрежесіне жеткізілді.


Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұранысы бойынша биылғы жылы арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің барлық қажет көлемі 12 126 литрді құрап отыр. Техника және жанар-жағармай дайындығы Шиелі ауданы бойынша көктемгі егінге мемлекет тарапынан 1778,94 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, бүгінде оператор анықталып, литрі 164 теңге болып бекітілді.Соңғы жылдары техникалық базаны жетілдіру және машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі кезде шаруашылықтар шетелдік жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына басымдық беріп келеді.

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру көздері. Ауданда 2021 жылы межеленген егіс көлемдеріне сәйкес, ауылшарушылығы дақылдарын өсірудің технологиялық картасы мен тауарлық материалдық құндылықтардың нарықтағы бағаларына сәйкес көктемгі дала және егіс егу жұмыстарына қажетті орташа болжамдық қаржы көлемі 1 млрд. 840 млн. теңгені құрауда. Осы қажет қаржының шаруашылықтардың өз қаржысы есебінен 450 млн теңге, инвесторлар тарапынан 570 млн. теңге қаржыландыру жоспарланса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 280 млн.теңге және «Байқоңыр-Қызылорда» ЖШС-гі арқылы 320 млн.теңге, басқа да көздер арқылы 220 млн.теңге көлемінде қаржыландыру жоспарланып отыр. 2021 жылы инвестиция көлемін арттыру мақсатында төмендегі бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. «Караганды Агро Инвест-Т» ЖШС-ның жобалық құны 20,3 млрд. теңгені құрайтын «Ауылшаруашылық кешенін құру» жобасы. Кешенде 15 мың тонна көкөніс дақылдарын сақтауға арналған қойма, шырын өндірісі, көкөніс кептіру т.б ауыл шаруашылық дақылдары өңделетін болады. «Тың – Өріс» ЖШС-ның жобалық құны 4,3 млрд. теңгені құрайтын «Жоңышқа өсіру және терең өңдеу» жобасы. Жоба құрылысы үшін индустриялдық аймақтан 10 га жер телімі сауда- саттық арқылы табысталды. «Марсель Петролеум» ЖШС-мен бастамасымен Қаратау бөктерінде алтын кен орнын игеруді жүзеге асыру мақсатында келіссөздер жүргізілуде. Жақын арада жоба басталады.

Мемлекеттік тұрғын үй кезегі туралы: Аудан көлемінде қазіргі таңда
мемлекеттік тұрғын үй кезегінде 1241 азамат тұр. Аудан тұрғын- дарына үстіміздегі жылы арендалық 18 пәтерлі 4 тұрғын үй, 25 ипотекалық және 20 бір қабатты арендалық үй және «Арай» мөлтек ауданынан 30 пәтерлі 5 қабатты 8 үй салу жоспарланып отыр. Н.Бекежанов ауылын газдандыруға өткен жылдың желтоқсан айында 100 млн.теңге қаражат бөлініп газдандыру жұмыстары бастау алса, бүгінгі таңда осы жобаға қосымша 327 млн.теңге қаржы бөлінді, үстіміздегі жылы ауыл толық газға қосылады.


2021 жылға Қодаманов ауылын газдандыруға республикалық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 557 млн.теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге мердігер мекеме анықталуда. Сәуір
айының екінші он күндігінде газдандыру жұмыстары басталатын болады. Ақмая, Алғабас, Бестам, Ақтоған, Жиделіарық, Еңбекші елдімекендерін газдандыруға ЖСҚ әзірленіп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Жалпы 2021 жылға ауданымызда 8 ауылды газдандыру жұмыстарына 3,0 млрд.теңгеге жуық қаражат қаралып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған