2021 ж. Сәуір 14

Ұлы күнгі жоралғының жөні бөлек

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастауы. Қазіргікүнтізбе бойынша наурыздың 22-сі күн мен түннің теңесуі кезіңіне келеді. Күн жылып, қыс ызғары қайтқан, ЖЕР-АНА көктеп, мал қоңданып, адам бойындағы жақсы қасиеттер ояна бастайтын бұл мезгілдің қазақ елі үшін мерейлі күн екенін айтпаса да түсінікті.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз – бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян.

Наурыз сөзі “Жаңа күн” деген мағына береді. Мейрам кезінде тазалыққа мән беріліп, мерекелік “Наурыз көже” дайындалады. Көже – еліміздің әр өңірінде әр түрлі жеті түрлі дәмнен жасалатынын да байқауға болады. Наурыз мейрамында бір-біріне қонақ болып, тойлап арқа-жарқа болып жатады.

Қазақ халқы «жер мен көктің жаңаруы», «тіршіліктің бастауы» және «күн мен түннің теңелген уақыты» деп Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын ұлттық мереке ретінде атап өтіп келеді. Елімізде Наурызды 14-наурыздан бастап «Амал мерекесі» немесе «Көрісу күні» ретінде тойлай бастайды. Еліміздің басты көшелері мен алаңдарында ақ киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерттер өтеді. Ұлттық спорттық ойындар ойналады және құсбегілер де өз шеберліктерімен халықты тәнті етеді. Мейрамның басты тағамы – Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Қазақтар, «ырыс-береке молаяды» деген сеніммен құйылған Наурыз көжені тауысып қою керек деп сенген.

Ұлыс күні қазақ елі үшінəрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ерадамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; əйелдер құшақтасып, бір-бірінеигі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішугешақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен)қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді.

Əдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданыалдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды,ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дəм таттырып, табыстырған, жалғыз жарымжетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарыныңқарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинапберген. Алтыбақан басында əн айтылып, күй тартылады. Дəстүрлі ұлттық ойындар(көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу,алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң атакөпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

Алайда Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекеніатап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылыптоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды.1988 жылдан Алматы

қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурызжалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.

Наурыз мерекесінің шығу тарихы 3000 жылдан асса, ал оның тәуелсіз елде тойлануы 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының64-қарарына сəйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Басассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда жəнеТаяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мəлімдеді. Ал ҰНЕСЦОболса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдықемес мəдени мұра тізіміне кіргізді.Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010жылдан бастап).

Ал қазақ дəстүрі бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, əсіресе жастар жағытүгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағашотырғызып, гүл егу рəсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан əрмен халықойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), əнсалып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақшакүреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан»айналасындағы тамашамен аяқталатын.Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төлалуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратынауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жылыжаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойыөлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кəрі құйрық, мертік-шортықтар да қыбырлапдүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамындеп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бəріне үміт, əркім де жылышырай сезіне бастап, ˝бəріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағыныштыкөрісулері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝Бүгінгі күніСамарқанның көк тасы да жібіпті˝, – десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастанда қатты қылып шығарғысы келіп, аңыз қылысатын.

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маман сот отырысының хатшысы: Б.Керуенбаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған