QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры ұсталды

Автор:QAA.kz

Май 24, 2019

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры ұсталды.

«Қазіргі таңда Ұлттық тестілеу орталығы бас директорының бұрынғы міндетін атқарушы (орталықты 2016 жылы басқарған) білім жүйесімен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында үлестес компаниялардың бірінің мүддесін қорғау үшін пара ретінде бағасы 9 миллион теңгеден асатын Toyota Camry алды деп танылды», — делінген агенттіктің хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Ұлттық тестілеу орталығының (2017 жылдан қазіргі уақытта дейін орталықты басқарған) бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол 2017-2018 жылдар аралығында делдал арқылы жүйелі негізде аса ірі көлемде пара алып отырған. Сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды», — деді агенттіктің баспасөз қызметіндегілер.

Ресми дереккөздеріне сүйенсек, соңғы үш жылдың ішінде білім саласында 620 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған. Одан мемлекетке келген шығын 1,5 миллиард теңгені құраған.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *