QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«Лауазымы үшін 2 миллион теңге»

ByQAA.kz

Қаң 22, 2021

Жамбыл облысы еңбек комитетінің департамент басшысы қызметке тағайындалуға көмек көрсеткені үшін екі миллион теңге алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ебек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеді.

«Алаяқтық және лауазымды тұлғаларға пара беруге айдап салушылық күдігі бойынша, департамент орынбасары (басшысы) лауазымына тағайындауға көмектескені үшін қарамағындағы қызметкерден екі миллион теңге сомасында алған. Қазіргі уақытта күдікті сотқа тартылды. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған