QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ЛАГЕРЬГЕ ҚҰМАРТЫП ЖҮР, ҚАРМАҚШЫНЫҢ ТАЛАЙ БАЛАСЫ…

ByQAA.kz

Сәу 22, 2021

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қармақшы ауданында аудандық емханаға барып, ауданның коронавирус инфекциясына қарсы күрес шараларымен танысты. Медицина қызметкерлеріне пандемия уақытында босаңсуға болмайтынын айтып, індетті ауыздықтауға бағытталған шараларды күшейтуді жүктеді. Жосалы кентіндегі Абай көшесі мен орталық алаңдағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жалпы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ауданда 3 млрд. теңге қаржы көлемінде 40 жоба іске асырылған. Кент
келбетіне түнгі уақытта көрік беру мақсатында орталық алаңдағы коллонада мен 6 аркаларға жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

Іс сапар жоспарынан тыс «Дәметкен ана» балалар оңалту орталығына барғанында оңалту орталығының басшысы Дина Исмаилова аймақ басшысынан мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді сұрады. Аймақ басшысы аудан әкімі Мұса Қалдарбековке тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Аудандағы кәсіпкерлік нысандар да аймақ басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Кенттегі сауда үйінің жұмысымен танысты.
Өткен жылдың басында басталған әлемдік індет көптеген кәсіпкерге қиындық келтіргені рас. Әсіресе, тойханалар жұмысын тоқтатып, кейбір кәсіптік нысандар бағытын өзгертті. Жосалыдағы Ж.Бұқпанованың 300 орындық мейрамханасы да бүгінде балалар ойынсауық кешеніне айналды. Облыс әкімі кәсіпкердің жұмысына оң баға беріп, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдаулар жасалып жатқанын жеткізді. Аймақ басшысы Қармақшы ауылына да барды. Ондағы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеуден өткен №13 «Балбөбек» бөбекжайының жұмысымен танысты. Одан соң ауылдық округтегі №113 мектепте ауылдың тұрғындары және белсенді жастарымен кездесіп, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысты. Сондай-ақ, өңір басшысы тұрғындармен коронавирус инфекциясынан сақтану, екпе салдыру мәселелерін талқылады

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған