2021 ж. Сәуір 14

Ковидтің көзі «қызылда»

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ақпараты бойынша тәжді вирустан қызыл аймаққа өткен облыстар саны 7-ге жетіп отыр. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақмола, Алматы облысы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысы.

Министрдің айтуынша Нұр-Сұлтан мен Алматының қызыл аймақта тұрғанына бір айға жуық уақыт болды. Шымкент пен Қарағанды сары аймақта ал қалған 8 аймақ жасылдың қатарында.

Бесінші сәуірге қараған түні Қазақстандағы індет жұқтырған адамдар саны 1809 (Қызылорда 39) адамға жетіп отыр. Ал төртінші сәуірдегі көрсеткіш 1921 ал үшінші сәуірде 2054 адам індет жұқтырған екен.

Мемлекет басшысы Алексей Цойға қатаң ескерту жасады. Бір айдың ішінде жағдай түзелмесе қызметтен кетесің деген-ді.

 «Алексей Владимирович, мен сізге бұған дейін қазіргі кезеңде денсаулық сақтау министрі – Үкіметтегі басты фигура екенін, сізде айрықша өкілеттіктер барын айтқан едім. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз, бірақ артынан жұмыс қарқыны айтарлықтай әлсіреп кетті… Сәуір айы ішінде жағдайды түзетуіңіз керек. Әйтпесе, кадрлық шешім шығады, ол сіздің көңіліңізді түсіруі мүмкін. Бұл тек денсаулық сақтау министріне ғана емес, бүкіл Үкіметке қатысты», – деді Тоқаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған