QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

КОВИДТІҢ ҮЙРЕТКЕНІ

ByQAA.kz

Қар 26, 2020

Індеттің кетпейтін түрі бар. 25- қараша күнгі көрсеткіш тәулігіне 720 адамның вирус жұқтырғанын көрсетті. Көрсеткіштерге сенсек жағдай бір қалыпты. Десе де, соңғы күндерде ел бойынша кішігірім өсім байқалады. Бұл уақытқа дейін шілде айында өте жоғарғы індет жұқтырушылар тіркелген еді. Ол кездегі сан 20266-ға жеткен.

Ал әлем елдері арасында Қазақстан 25-і күнгі тізімде 51-інші орынға жайғасты. Біздің үстімізде Болгария, төменде Сербия бар. Алғашқы орында АҚШ тұр. Бұл жақта вирус жұқтырғандар саны 13 миллионға жақындаған. Ал 25-ші қараша күнгі мәлімет бойынша бір тәулікте АҚШ-та 83655 адам індет жұқтырған.

Ал осынау індет кезінде жұмысқа шықпай, үй жайында жұмыс істеген адамдардан бөлек, індеттің ықпалына мойынсұнбай қызмет атқарғандар жетеді. Бізге белгілі тазалық жұмысшылары, қоғамдық көлік жүргізушілері және жеткізу қызметінің ұжымдары біраз тер төкті.

Біз әлемнің дамығаны жайлы кітаптар жазып, хабарлар түсіріп, жасанды сананың адам өміріне қосқан үлесін айтудамыз. Алайда, роботтар адамды барлық қызметте ауыстырады деген ой мүлде қате секілді. Төртінші өнеркәсіп революциясы заманының ауылы әзірге алыс па деген ой келеді.

Қазірде әлімнің дамуы кез-келген қызметкердің күн сайын жетіліп отыруын талап етуде. Ал індет кезіндегі штатта жұмыс жасап, жоғары жалақы алатын қызметкерлердің біразы үйден жұмысын атқарды. Олардың орнына қалған жұмыстарды тәжірбиесі бар, бірақ мандаты төмен қызметкерлер орындады. Өкініштісі сол, әлемнің алпауыт кәсіпорындары осы қызметкерлерін бағаламайтындай.

Мәселен, «Amazon» компаниясының қызметкерлерінің бір жылдық жалақысы 30 мың АҚШ доллары ғана. Әлемге мәлім компания тауар жеткізу қызметімен айналысады. Пандемия кезінде компанияны құрушы Джефф Безостың ауқаты 70 миллиардқа өскен болатын. Бұл күндері оның қаржысы 200 миллиард долларға жуық. Былайынша қарасаңыз масқара ақша. Індет кезінде компания басшылығы, бастықтары жұмысқа шықпаса да, жеткізуші, жүргізуші қызметтері тыным таппай жұмыс жасап, Безостың қалтасын толтырды. Бұл дегеніміз, қаншалықты бай компанияның өзіне де қызметкерлердің керектігін, және олардың орнын ешкім баса алмайтындығын көрсетеді.

Илон Масктың жаңалығы, тоқпен жүретін көлік Тесланы естімеген адам жоқ. Адам ұйықтап кетсе көлік өзі тоқтайтын көрінеді. Немесе, апаттық жағдайдың алдын алуға қауқарлы технологиясы бар. Алайда, көлік қаншалықты ақылды болса да, оның құрастырушысы, қадағалаушысы қарапайым қызметкерлер. 2018 жылғы мәлімет бойынша бұл жақтағы қарапайым қызметкерлердің жылдық табысы 56 мың долларды құрады. Алпауыт АҚШ-та бұндай қаржы түкте емес. Ал бізге мәлім Цукербергтің Facebook желісіндегі қызметкерлерінің жылдық жалақысы 228 мың долларды құрайды екен. Алайда бұл тізімге қарапайым қызметкерлер кірмейді. Олардың айлығы аз көрінеді. Дәл осы жалақысы аз қызметкерлер компанияның дамуына, сапалы контент құруына едәуір көмек жасап отыр.

Бүгінде қарапайым қызметкердің мамандық бойынша дипломы жоқ немесе сәйкес келмейді. Алайда, олардың тәжірбиесі әлдеқайда жоғары. Жұмыстың құрылымы пирамида кірпіштері секілді. Үстіңгі бөлігінде санаулы кірпіштер болса, төменгі жағында демеу болып тұратын іргетасы бар. Бұл да жұмыстың бабында кездесін жағдай. Сондықтан, қарапайым қызметкердің жалақысын көтеріп, оларға мемлекет тарапынан жеңілдіктер ұсыну қажет. Кез-келген жердің іргетасы – қарапайым қызметкерлер.

Дамир АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған