QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Ковидпен ауырған науқастың сілекейін бастығының шайына қосқан

Автор:QAA.kz

Фев 9, 2021

Түркияда автосалон қызметкері COVID-19 жұқтырған адамнан сілекей сатып алып, бастығына шайына араластырып берген. Енді ол сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Автосалонның иесі Ибрагим Унверди қызметкерге автокөлік сатып алу туралы мәміле жасау үшін 215 мың түрік лирасын (12,7 миллион теңгеден астам) берген. Алайда келесі күні қызметкер қоңырау шалып, ақшаны несиесін төлеуге жұмсағанын айтқан.

Унвердидің айтуынша, басқа жұмысшылар бұған дейін осы қызметкердің оны өлтіргісі келгенін мәлімдеген. Ол коронавирусты жұқтырған ер адамнан 70 долларға сілекей құтысын сатып алып, бастығының шайына білдірмей құйды деген болжам бар.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *