QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«Конкурсқа қатысу үшін рұқсат алып беремін» деген алаяқ ұсталды

ByQAA.kz

Ақп 8, 2021

05 ақпан күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасына қаланың екі азаматшасынан бірдей арыз түскен.  

Арызда бір ер азаматтың 2020 жылдың қыркүйек айында «кәсіпкерлікті қолдау» орталығында конкурсқа қатысу үшін әр қайсысынан 600 000 теңгелерін алдап алғанын көрсеткен. 

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бұрын сотты болған 34 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторында қамауға алынды. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1, 3-бөліктерімен (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған