QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

КНС-ке ақыл кірді

ByQAA.kz

Қаң 27, 2021

Қаладағы КНС-терден шығатын жағымсыз иіс микро ауданның ішін-іші аралап, тұрғындар тарапынан шағым түсетін еді.

Бұрынғы кездері жағымсыз иістен көз ашпайтын жұрт енді сәл де болсын су жүйесі тарапынан жасалған жұмыстың рахатын көруде.

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша шаһардағы 23 кәріз насос станциясы қайта жаңғырды.

Мәселен Нұрмақов көшесіндегі және Яссауи көшесіндегі екі КНС-тің бірінші болып жаңғыруы қалыпты жағдай еді. Қаладағы кәріз жүйелерінің ең маңызды күре тамырлары осы КНС-терге тиесілі.

Замануи КНС-тердің айналасы қоршалған. Бұрын кім-көрінген кіріп-шығатын орынның бірі болған. Қазір күзет дабылы да, қоршауы да бар. КНС-тердің барлығы өткен заманның 70-80 жылдары бой көтерген. Алдыңғы көріністен қалалықтар хабардар. Маны қирап, қисайған КНС-тер талай жұрттың көзіне күйік болған еді.

Бұл жолғы жаңғыру тек сыртында ғана емес. Ішінде де өзгерістер жетерлік. Кеңестік кезеңнің су айдағыш моторлары су басқанда істен шығатын еді. Оны бөлшектеп, құрғатып жүргенде талай уақыт та, талай мәселе де шешімін таппайтын болған. КНС-тің ішіне орнатылған Шведтің «Флюгг» моторы су астында да жұмыс жасай береді. КНС-ке ақыл кіріп, алыстан басқаратын қосымшаға ие болған. Бұрын бұл жақта 44 қызметші жұмыс істейтін еді. Олардың орнын техника басып, айлықтары мекемеге үнем болып түсуде. Осы уақыттың өзінде мекеме бір айда үш жарым миллион теңгеден аса қаражат үнемдеуде.

Қалған қызметкерлер қысқартылды ма деген сұраққа, жоқ, кейбірі өз еркімен шықты, кейбірі басқа қызметке бағытталды деген жауап алдық.

Жаңғырған КНС-тің ішінде биогазды сыртқа шығаратын қозғалтқыш орнатылған. Газдың толғанын сезген кезде автоматты түрде қозғалтқыш іске қосылады.

Алда-жалда авариялық жағдай туындаған кезде диспечерлерге хабар келеді. Мұның бәрін ақылды техника өзі атқарады.

Су жүйесі мекемесінде ескі және жаңа форматтағы диспечерлер жұмыс жасауда. Мекеме бастығы Жәмиевтің айтуынша тұрғындар тарапынан әлеуметтік желіде диспечерлік бөлімнің телефонға жауап бермейді деуі орынсыз.

Біздің қызметкерлер әрқашан телефонды көтереді. Көтермеді деген сөз жұмыстан шықты деген. Қазірдің өзінде диспечерлерде бірнеше телефоннан бар. Сондай-ақ, вотсап желісі мен мобильді телефон да қарастырылған,-дейді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған